01
февраль
2024
Құқық бұзушулықтың алдын алу
Құқық бұзушулықтың алдын алу бойынша балалармен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу басты міндет, камелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсаттында Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектепте «Буллинг және оның алдын-алу» тақырыбында 9-сынып оқушылары арасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Полатова У.Н., мектеп психологы Пералиева М.С., әлеуметтік педагог Шуинбаева Р.К., сынып жетекшісі Алиева Г.А. дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. Дөрекілік, өктемдік танытатын адамдармен өзін қалай ұстау керектігін үйренеді; Біреуді мазақтауға, қорлауға, намысына тиюге жол бермейді. Сынып арасында бір-бірін қолдай білуге, сыйластық танытуға үйренеді.