№112ЖББМ 5.10.-10.10 аралығындағы өткізілген іс-шаралар қорытындысы.
Көп жасаған қария-
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты. Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген.№112 жалпы білім беретін мектептің 7«Б»сынып оқушылары қарттар күніне орай видео үндеулерін жолдады.
Қарттар күніне орай 6 Қазан күні 1-10сыныптар арасында «Қарттарым – асыл қазынам» атты қашықтықтан сынып сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен,әже өнегесімен,аталар ақылымен беріліп,өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектепте 5-10сыныптар арасында «Мен атаммен әжемнің жалғасымын» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.Мақсаты:Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру,үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.