«Күшті азаматтық қорғаныс»
№112 ЖББМ Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай
«Күшті азаматтық қорғаныс»
ұранымен өткізілген іс-шаралар қорытындысы
Алматы қаласы Жетісу ауданының №112 жалпы білім беретін мектепте «Азаматтық қорғаныс күніне орай» 1-4 сынып оқушылары арасын онлайн форматта «Өрт қауіпсіздігін сақтайық!» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: төтенше жағдайларда оқушылардың қауіпсіз өмір сүру дағдысы мен дағдыларын дамыту және жетілдіру, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс пайдалану ниетін тәрбиелеу. Оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру. Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Азаматтық қорғаныс күніне орай №112 жалпы білім беретін мектепте «Өрт қаіпсіздігі!» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды."Азаматтық қорғаныс күнін"өткізудің мақсаты төтенше жағдайлардан қорғау бойынша білімі мен іскерлігін дамыту, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде туындайтын қауіптерден халықты қорғау мүдделерін олардың алдын – алу жолдары.
Оқушыларға Азаматтық қорғаныс күні екенін айта отырып, қауіпіздік шаралармен, сақтану жолдарымен таныстыру,Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектепте Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай «Төтенше жағдайдың қауіпі» атты онлайн кездесу өтті.
Кездесуде Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК Алматы қаласы азаматтық қорғанысының аға лейтенанты 3-МӨСБ бастығының орынбасары Маденов Накыпбек Жуматайулы төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында үйде, аулада, көлікте қоғамдық орындарда өауіпсіздік ережелері,мен шұғыл ақпараттар жайында мектеп оқушыларына ақпараттар берді. Ұйымдастырушы: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Полатова Урхия Нуралиевна.Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы мен мектепішілік жоспарға сәйкес, №112 жалпы білім беретін мектепте Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай 8-сынып оқушылары арасында «Тіршілік қауіпсіз негіздері атты» интерактивті онлайн сабақ ұйымдастырды.
Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы мен мектепішілік жоспарға сәйкес, #112 жалпы білім беретін мектептің 5-6 сынып оқушылары арасында Азаматтық қорғаныс күніне байланысты төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында "Өрт қауіпсіздігі" тақырыбында онлайн сурет байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
-балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру;
- сурет арқылы ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ұйымдастырушысы: көркем еңбек пәнінің мұғалімі Дүйсенбек Назкен
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай Жылдар бойы болған оқиғалар табиғи зілзалалар мен техногенді апаттардың алдын алу мен залал зардаптарын еңсеруге жан-жақты көмектесу. «Біз қауіпсіз өмірді қалаймыз» деген тақырыпта Қауіпсіздік шараларды және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында алғашқы көмек көрсетудің тәсілдері бойынша дәріс оқыды.
Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы мен мектепішілік жоспарға сәйкес, №112 жалпы білім беретін мектепте Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай жылдар бойы болған оқиғалар табиғи зілзалалар мен техногенді апаттардың алдын алу мен залал зардаптарын еңсеруге жан-жақты көмектесу мақсатында "Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс"атты ұранымен видео ролик жолдаймыз.
Мектеп директоры Юлдашева Д.К.