26
Сәуір
2021
«Чернобыль трагедиясы-ерлік, ескерту» атты сынып сағаты
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі білім беру комитетінің 03.03.2021 ж. №18-4\262 хатына сәйкес Чернобыль АЭС-індегі ядролық апаттың 35 жылдығына арналған Алматы қаласы Жетісу ауданының тапсырмасы бойынша №112 жалпы білім беретін мектепте «Чернобыль трагедиясы-ерлік, ескерту» атты сынып сағаты ұйымдастырылды. Осыдан 35 жыл бұрын, яғни 1986 жылы 26 Сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр стансасының төртінші блогі жарылды. Он мыңдаған қазақстандықтардың түбіне жетті. Әлем тарихындағы алапат апаттың зардабын әлі күнге дейін шегіп келеді. Апаттың зардабын жою жолында жүз мыңдаған сарбаз отан алдындағы борыштарын атқарды. Алайда АЭС сепкен ажал уынан құтыла алмады.