20
Қыркүйек
2024
Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты бала тәрбиелеу
№112 жалпы білім беретін мектепте"Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты бала тәрбиелеу"тақырыбында «Даналық мектебі» клубының жоспарына сәйкес1-сынып жетекшісі Оспанова А.Е.ата-аналар жиналысын өткізді. Мақсаты: әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы балалардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту, ата-аналардың бала өміріне қатысу белсенділігін арттыру үшін жағдай жасау. Балаларды тәрбиелеу, баланың туғаннан бастап жеке басын қалыптастыру ата-ананың міндеті! Әр адамның өмірі отбасынан басталады, жеке тұлғаның қалыптасуы отбасында жүреді. Оспанова А.Е. 1-сынып ата- аналарымен тренинг өткізді. Барлық ата-аналар риза болды .