№112 жалпы білім беретін мектептің «Азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, мәңгілік ел» бағыты бойынша 2019-2020 оқу жылында өткізілген іс- шаралар есебі » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №112 жалпы білім беретін мектептің «Азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, мәңгілік ел» бағыты бойынша 2019-2020 оқу жылында өткізілген іс- шаралар есебі
27
қазан
2020

№112 жалпы білім беретін мектептің «Азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, мәңгілік ел» бағыты бойынша 2019-2020 оқу жылында өткізілген іс- шаралар есебі

«Азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, мәңгілік ел» бағыты бойынша жоспар құрылып, бекітілген. Жоспар бойынша іс-шаралар уақытысымен өтілуде.

Саналыұрпақжарқынболашақсыныпсағатысаналыұрпақжарқынболашақтәрбиесағатысаналыұрпақжарқынболашақашық  сабақ. Тақырыбы: Саналыұрпақжарқынболашақ.                                               Мақсаты: Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру Күтілетін нәтижелер: • оқушылар еліміздің ертеңі - білімді, саналыұрпақтың қолында екенін түсінеді...



Жетісу  ауданы № 112  жалпы   білім беретін мектепте 16-25 қыркүйек аралығында қазақ тілінің онкүндігі аясында «Тілге  құрмет-елге құрмет!» атты салтанатты  жиын өтті.



Жетісу ауданы №112 жалпы  білім беретін мектепте қазақ тілінің он күндігіне орай  «Өзге тілдің бәрін біл- өз тіліңді құрметте!»атты іс шараны орындау   барысында «ХХІ- ғасыр  көшбасшысы» интеллектуалдық  сайысы ұйымдастырылды. Бұл   білім  сайысының мақсаты  оқушылардың   білім деңгейін жетілдіру,дамыту. Білімді дарынды,  озық оқушы болуға тәрбиелеу. Сайыстың жеңімпазы  8сынып  оқушысы-Васечко Ильяс.

Тіл- ұлттың жаны. Ал ұлттың   болашағы- оның ана тілі. Тіл- халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі- бақыты мен тірегі.Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы»деген болатын.№112 ЖББМ тіл мерекесіне орай сыныптан тыс жұмыс өткізілді.

№112 Жалпы білім беретін мектепте Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген сөзін ту етіп, қазақ тілінің онкүндігіне орай  орыс , қазақ, сыныптарында қазақ тілі пән мұғалімдері ашық сабақ өткізді.

Қазақ тілінің онкүндігі декадасының жабылу кеші ұйымдастырылды. Мақсаты: қазақ және басқа ұлт өкілдері балаларының қазақ,орыс, ағылшын тілдеріне дегшен қызығушылықтарын оятып, тіл үйренугедеген ықыластарын туғызу.Оқушылардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту.


 «Ауғанстан- журектегі жара»

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру – тәрбие негізі, жастардың жанжақты қабілетін дамыту, туған елге, туған тілге, туған жердің табиғатына сүйіспеншіліктерін арттыру, тарихи мұралар мен өлкетану жүргізу, кітап оқуға құштарлықты арттыру бағытындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатында №112 жалпы білім беретін мектебімізде  «Ауғанстан- журектегі жара»атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.  Кездесуге Ауған соғысының ардагері, әрі  мектебіміздің ата-анасының бірі Джапаров Кенасжан Азиретович  келіп оқушылармен тарих толғаумен ой бөлісті. Мақсаты:  Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге.Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.



112 жалпы білім беретін мектеп Дүниежүзілік сабақ

2019жыл-Қазақстан   Республикасының бала  құқықтары   туралы  Конвенцияны  қабылдауының   30 жылдығы мен   ратификациялауының  25жылдығын мерекелеуге  байланысты   №112   жалпы  білім  беретін мектепте  5-9 сыныптар арасында 2019 жылы 13  қараша   күні  «Бүгінгі  шақ және   болашақ:  әр  бала үшін   қорғаныс  қамтамасыз  етілген   балалық шақ» атты   Дүниежүзілік  сабақ  ұйымдастырылды. Мақсаты: «бала құқығы», «адам құқығы», «құқық» теминдерінің, балалардың құқықтары туралы Конвенция ережесінің қабылдаған және оны түсіну үшін жағдайлар жасау.  Балалардың құқықтары бойынша Конвенция туралы балалардың ақпарат алуын арттыру.  Заңды тұрғыдан өзін қорғай алатын дағдыларды дамытуға көмектесу. Тәрбие сабағы барысында «Қол соғыңыздар, егерде ...» деген әдіспен басталды.Кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады? Кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын?  Конвенция ұғымын қалай түсінетіндігі туралы. Бала құықтары туралы Конвенция – бұл шарт, онда әлемдегі барлық балаларға қатысты, олардың құқықтары туралы айтылады. 



Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектептің 4.сынып оқушысы  Юбкина Дарья əжесінен естіген ,  ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ  75 жылдығына орай "Партизан" атты өлеңін назарларыңызға ұсынады.  Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл азғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» - деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі мен келер ұрпақтың өтелмес парызы.
 
 

Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары  ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ  75 жылдығына орай  Қасым Аманжоловтың «Достар» атты өлеңін назарларыңызға ұсынады.  Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл азғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» - деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі мен келер ұрпақтың өтелмес парызы.  #женiceciмдерi
 --

Алматы қаласы  Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары 1-мамыр – Қазақстан  халықтарының  бірлігі мерекесімен  шын жүректен құттықтаймыз! «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.Бір шаңырақтың  астындағы халқымыздың  достығы мен өзара түсіністігі  одан әрі  жалғасып,  еліміздегі ұлтаралық  татулығы  әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік  мәңгі жасай берсін!
 Тілі бөлек болғанымен  тілек бір
 Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
 Қазақстан  бар  ұлысқа шаңырақ
 Шайқалмастан  шаттығымыз тіреп  тұр.
 Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!



Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет- тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адам
 гершілік қасиетке тəрбиелеу, тиянақты білім беру.Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса , олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Балалармен жастар тәрбиесінің болашағы – оларды  адамгершілік - рухани  жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру керек. Сонда нағыз адам толыққанды тұлғаға айналады. Ұрпақ тәрбиелеу үшін құрылған « Саналы ұрпақ» жобасы алда нәтижесін берері сөзсіз. Жастық шақта болашақ адамзаттың әдептілік негіздері қаланады, негізгі рухани құндылықтар бойға сіңіріледі. Құрметті Қайыржан Ахметбекович сізді құттықтаймыз. Сіздің басқаруыңызбен  жұмыс істеп келе жатқан «Саналы ұрпақ»  республикалық жоба,  Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектепте  жемқорлықты болдырмау үшін  көп  жұмыстар атқарылды. «Саналы ұрпақ» жобасының арқасында  мектебімізде «Адал ұрпақ» клубы құрылды, мектебіміздің жас  түлектері жемқорлықты  болдырмау жолын таңдауды үйренді. Адалдық дүкені ашылды және адалдық  сынып сағатында оқушыларымызбен әңгіме сұхбаттар жүргізілді. Қазіргі таңдағы жастарымызға адал болуына жол көрсетілді. Біз болашақ ұрпақты жемқорлықсыз өмір сүруіне осындай жобалар арқылы дұрыс тәрбие беруге міндеттіміз. Біз сіздерді әрқашан қолдаймыз.
 
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: