№112 жалпы білім беретін мектептің «Отбасы тәрбиесі» бағыты бойынша 2019-2020оқу жылында өткізілген іс- шаралар есебі » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №112 жалпы білім беретін мектептің «Отбасы тәрбиесі» бағыты бойынша 2019-2020оқу жылында өткізілген іс- шаралар есебі
27
қазан
2020

№112 жалпы білім беретін мектептің «Отбасы тәрбиесі» бағыты бойынша 2019-2020оқу жылында өткізілген іс- шаралар есебі

     «Отбасы тәрбиесі» бағыты бойынша жоспар құрылып, бекітілген. Жоспар бойынша іс-шаралар уақытысымен өтілуде.

Мақсаты:Отбасы тәрбиесіадамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы    арқылы  адамгершілік,  рухани  және  гуманитарлық

құндылықтарға  басымдық  беруде  әлеуметтік тарихи  тәжірибені    таратудың анықтаушы  құрамдас  бөлігі    болып  саналады.  Қазақстандық  қоғамның  жалпы сұранысы  және  халық  дәстүрлері,  әлемдік  және  ұлттық  мәдениет  негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтабағдарлау  бірінші  қатарға  қойылады.

Тәрбиеленушілердің  санасында    дәстүрлі ұлттық  және  моралдық  құндылықтар    жандандыру  отбасы  негізінде  қалыптастыруды ұялату.

    Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз. Ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген  «Ақылды және тәрбиелі қыздар–болашақ инабатты келіндер мен үлгілі аналар» тақырыбында мектебіміздің 8-9 сынып қыздары арасында жиын өткізілді.


Қыздар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу мақсатында «Тәртіптілік және қырағылық – олардың өзара байланысы неде көрініс табады?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

1-тоқсан қорытындысы бойынша 13 қараша күні №112жалпы білім беретін мектепте ата-аналар   жиналысы  өткізілді.Ата- аналар  жиналысында қаралған  мәселелер:

  1. Ата-ананың мектеп  өміріндегі   рөлі.
  2. Білім   сапасы бойынша 1-тоқсан   қорытындысы. 
  3. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары.
  4. Сабақтан себепсіз қалмауды  қадағалау мәселесі, оның  салдары.

Баяндама « Мектеп ата-ана оқушы арасындағы байланыс» . 
 Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың 
жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. 




   Мектеп психологі Пералиева М.С. - қыз балалардың бойындағы жағымды қасиеттерін шыңдау, әр сынып қыздарының арасында достық қасиет қалыптастыру мақсатында психологиялық тренинг сабақ өткізді





" Əкем,анам және мен-Рухани жанұя" атты,сайыс өткізілді. Мақсаты:Отбасындағы сүйіспеншілікке,мейірімділікке,сыйластыққа, қамқорлыққа тəрбиелеу.


27.02.2019ж. күні №112 ЖББ мектепте "Бала тəрбиесінде отбасы мен мектептің ынтымақтығы" атты онлайн ата-аналар жиналысын 7-9 сынып оқушылары, ата-аналары мен мектеп əкімшілігі көріп, тыңдап, өз ойларын ортаға салды.

12.02.2019 күні 1-9 сыныптар арасында ашық сабақтар өткізді. Мақсаты: Отбасылық құндылықтарды сақтауға,əдептілікке,сыйластыққа,татулыққа,сүйіспеншілікке,махабатты бағалай білуге,жақсылық жолдауға тəрбиелеу.


Мақсаты:1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. 2.Анаға деген мейрімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. 3. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.


 «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар   бастамасы бойынша  №112 ЖББ мектепте өткізілген  іс-шара

1995 жылдың 1 наурызында елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.  2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы бұл күнді халықтардың бір-біріне және қазақтарға көптеген халық елге күштеп қоныстандырылған кезде төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдіретін күн деп жариялауды ұсынды.

№112 жалпы білім беретін мектепте 1-наурыз  Қазақстанда Алғыс айту күнін атап өтті. Сондай-ақ, бүгін – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.


№112 ЖББ мектепте   8 «Б» сынып жетекшісі Корнилова С.В. оқушыларымен бірге « Ради жизни веков грядущих» тақырыбында  ардагерлермен кездесу ұйымдастырды.

Мақсаты: Ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету, олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету.


№112 ЖББ мектепте 4 «А» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Данышпанова Гулбану Бексыргаевна  «Ардақтайық ананы » атты тақырыппен лездеме өткізді.

Мақсаты: 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейрімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.  Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

№ 112 ЖББ мектепте аналар күніне мектептің мәжіліс залында мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен «Ана өмірдің гүлі» атты іс-шара өтті.  Сурет көрмесі ұйымдастырылды.


Мақсаты   оқушылардың  сүйіспеншілік, махаббат туралы  түсініктерін кеңейту. Өмірдің бар жақсылығының  негізі махаббат,  сүйіспеншілік екенін  түсіндіру.Адамды, Отанды,  өмірді   сүйе  білу  іскерліктерін   дамыту.Сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білуге  тәрбиелеу.



Қазіргі таңда жаһанды жайлаған індетке байланысты  біз бір адамдай жұмылып,қауіпті індетпен күресу  үшін  үйде отырып,Жетісу ауданының №112 жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға дайындық басталды. Бұл туралы кеше Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте айтқан болатын,
 Жалпы, бұл қашықтан оқыту дегеннің мектеп тәжірибесінде бұрын-соңды болмағаны белгілі. Сондықтан министр дайындық жұмыстарын жүргізудің өте маңызды болып тұрғанын айтты.
 «1 сәуірде ең алдымен сынақ-сабақтар ұйымдастырылады. Мпектебіміздің  мұғалімдері  оқушыларымен байланысқа шығып, қашықтан сынақ-сабақ бердi.
 Одан 2 сәуір күні қашықтықтан оқытуды  ұйымдастыру жөнінде ата-аналар жиналысы  өткізілді. Аталған мәселеде ата-аналарға мұғалімдермен бірдей жүк түседі. Сондықтан біз оларға қашықтан оқыту жүйесіне қалай қосылу керек екенін және ол қалай жүзеге асатыны жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: