№112 жалпы білім беретін мектептің 25.01.-30.01.аралығында өткізілген іс- шаралардың есебі » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №112 жалпы білім беретін мектептің 25.01.-30.01.аралығында өткізілген іс- шаралардың есебі
16
ақпан
2021

№112 жалпы білім беретін мектептің 25.01.-30.01.аралығында өткізілген іс- шаралардың есебі

Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 ЖББМ 26.01.2021 жылы сағат  10:00 - де 9-10 сынып оқушылары үшін "Тең Тең плюс"  АМЕС жобасы бойынша "АИТВ\ ЖИТС алдын алу" тақырыбында онлайн-режимде дәріс өткізілді. Онлайн-дәріске  мектеп директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.С.Игісін, У.Н.Полатова, 9-10 сыныптың жетекшілері – Г.А.Скакова, Р.Е. Данабекова, М.Н.Маханова,   қатысты.  Онлайн  дәрісті "Тең Тең плюс" АМЕС жобасының тренерлері- Шамсудинова Эльмира, Першин Данил,  Долгов Роман жүргізді. Дәрісті өткізудің мақсаты-салауатты өмір салтын және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды насихаттау, денсаулыққа зиянды факторлар, зиянды әдеттердің нәтижелері: өмір сүру ұзақтығының қысқаруы. Оқушылар дәріс тыңдап, бейнероликтер көрді.

Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектепте 27.01.2021 оқу жылында 9-10 сынып оқушыларына   «Жасөспірімдер арасында құқық- бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында онлайн кездесу өтті. Онлайн жиналысты жүргізген   мектеп инспекторы  ЖПҚБ ЮПБ полиция майоры Төлегенова Шынар Әбілпаттақызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Полатова Урхия Нуралиевна, Игісін Жанна Сейсебайқызы.Мақсаты: Жан- Жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсендігі артқан, әлеуметтік- толық қамтылған адамгершілігі мол тұлғаның қалыптасуы. Міндеттері: Жасөспірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау.Жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау. Оқушылар толығымен онлайн зум платформасы арқылы кері байланыс жасады.

 

 Қазақстан  Республикасының Білім жіне ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2021 21 қаңтардағы №54 хатына сәйкес Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектепте Алғыс айту күніне орай «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» жалпы ұлттық мәдени білім беру жобасына арналған Адал ұрпақ клубының мүшелері «Ұшқыр ой алаңы» атты дебат турнир өткізді. Ұйымдастырушы: Асимова Рабиям Тургановна.

«Ерлік қашан да елге мұра, ұрпаққа - ұран» болатыны белгілі. Ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. Кенес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 32 жылдық мерей тойына байланысты №112 мектепте «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман» атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді.

Мектебіміздің  Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысының ардагерлеріне арналған мұражайға бастауыш сынып оқушылары  аралап саяхаттады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: