№112 жалпы білім беретін мектептің 01.02.-06.02.аралығында өткізілген іс- шаралардың есебі » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №112 жалпы білім беретін мектептің 01.02.-06.02.аралығында өткізілген іс- шаралардың есебі
16
ақпан
2021

№112 жалпы білім беретін мектептің 01.02.-06.02.аралығында өткізілген іс- шаралардың есебі

Алматы қаласы Білім басқармасы Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы №3-15-6/4422-И хаты негізінде 2021 жылғы 01-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану- сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы » онкүндігін өткізу жоспарын бекітіп, №112 Жалпы білім беретін мектепте «Өзін-өзі тану пәні бойынша «Өзін-өзі тану- сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік декадасының ашылуын Солтыбай Айгүл Саябекқызы мен Изимова Арайлым Тургановна «3 Б» сынып оқушыларымен ұйымтастырды. Декада мақсаты- Сара Алпысқызының 80 жылдық мерейтойына арналған Рухани- адамгершілік құндылықтар көзі ретінде қоғамдық сананы жаңғырту 

№112 жалпы білім беретін мектепте 2-ші ақпан күні «Өзін-өзі тану» адамгершілік рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның өмірлік еңбек жолы, қызметі туралы «Мейірім төккен АНА» тақырыбында мектеп кітапханашысы Л.М. Потаповамен бірге ұйымдастырылған онлайн кітап көрмесі өткізілді.

№112 жалпы білім беретін мектепте 3-ші ақпан күні «Өзін- өзі тану» адамгершілік- рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А. Назарбаева туралы Игісін Ж.С. 4-ші сынып оқушыларының қатысуымен фильм көрсетті.

     Алматы қаласы Жетісу ауданы № 112 жалпы білім беретін мектепте 3.02.2021ж. 9-10 сыныптар арасында ЮНИСЕФ ұйымдастырған апаттар қаупін жəне төтенше жағдайларды азайтуға бағытталған бағдарлама бойынша еріктілермен кездесу онлайн форматта өтті. Республика бойынша оқушыларға төтенше жағдайлардың түрлері мен олардан сақтану шаралары жайлы ақпараттар берілді.


Алматы қаласы Білім басқармасы  Қазақстан  Республикасы Білім  және Ғылым   министрлігінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы №3-15-6\4422-И хаты негізінде «Өзін-өзі тану сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектепте 9-10 сыныптар арасында «Алтын жүректі анамыз» атты С.А.Назарбаеваның туған күніне орай  шығармашылық эссе байқауы ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы:  Полатова  Урхия Нуралиевна. 

Байқаудың мақсаты:

1)Балалардың «Мейірімділік», «Анаға құрмет» туралы түсініктерін кеңейту; Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;

2) Балалардың көркемсөз шеберліктерін, «Еланасы» жайлы кең мағлұмат бере отырып ой өрістерін дамыту; ізгілікке тәрбиелеу іскерліктерін дамыту;

3) Мейірімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа жол көрсету.

Алматы қаласы Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2020 жылғы  4 желтоқсандағы желтоқсандағы №3-15-6/4422-И хаты негізінде 2021 жылғы 01-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану- сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы » онкүндігін өткізу жоспарын бекітіп, №112 Жалпы білім беретін мектепте 05-ақпан күні 5-9 сыныптар аралығында «Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы» тақырыбында Мамыкова  мен Дүйсенбек Назкеннің ұйымдастыруымен сурет көрмесі өтті. 

     Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы мен мектепішілік жоспарға сәйкес  №112 жалпы білім беретін мектепте 2021 жылдың үшінші ақпанында 8 «Б»- сынып оқушылары ауған жауынгері Жапаров Кенасжан Азеретовичпен кездесу өткізді.  Кездесуде 8«Б» сынып оқушылары өлең, әндер айтып, өз құрдастарымен ауған соғысы туралы ақпараттармен бөлісіп, бейнероликтер көрді. Бұл кездесудің мақсаты өскелең ұрпақтың бойында өткен батырлыққа және өз халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу болды. Жапаров К. А. жан күйзелісімен оның осы қатыгез соғысқа қатысуы туралы айтты.  Осы мақсатта бірақ біз Отан алдындағы өзінің интернационалдық парызын орындағандарды есте сақтауға және құрметтеуге міндеттіміз.


       Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы мен мектепішілік жоспарға сәйкес  №112 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Еліміздің тәуелсіздігі жасасын» атты әдеби- музыкалық  кеш онлайн форматта  ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата — бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.


                                                           Мектеп директоры                               Юлдашева Д.К.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: