«Құқық бұзушылықтың алдын алу» » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ақпан
2021

«Құқық бұзушылықтың алдын алу»

№112 жалпы білім беретін мектептің

«Құқық бұзушылықтың алдын алу»  бағыты  бойынша

2020-2021 жылдың атқарылған жұмыстың есебі

Мақсаты:  Кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтардың алдын- алу жұмыстары жүргізу үшін құқықтық негіздерді мектеп жағдайында қалыптастыру.

Міндеті: Кәмелетке толмағандардың заңға мойын ұсынушылық мінез құлқын қалыптастыру, олардың бойында имандылық пен салауатты өмір салтының негіздерін дамыту бағытындағы негізгі шараларды жүзеге асыру. Себепсіз сабақтан қалатын  оқушыларды анықтау, есепке алу тиісті шараларды жүзеге асыру.

           2020-2021 оқу жылына жылдық жоспар жасалынып, құқық бұзушылықтың алдын алу отырысының  кеңесі әр айдың үшінші аптасында отырыс болып отырады. Отырысқа барлық кеңес мүшелері толығымен қатысады.

        Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мына төмендегі жұмыстар жүргізілді.

 Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың құқықтарын қамтамасыз  етуге бағытталған іс-шаралар аясында Алматы қаласы Жетісу ауданының №112  жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі  Данабекова  Роза Елемесовна 10"Б"-сыныбында" Сен өз құқығыңды білесің бе? " атты сауалнамасын өткізді. Іс-шараның мақсаты: 1) оқушыларды құқықтық, әлеуметтік және мәдени білімді өз бетінше меңгеруге ынталандыру; 2) қоғамдық-саяси өмір мәселелерінде өз көзқарастарын қорғай білуге тәрбиелеу, кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы мінез-құлқының алдын алу; 3) әр оқушының дұрыс азаматтық ұстанымын қалыптастыру сауалнама "Қорғау" және "Құқық"командалары арасында үш кезеңде өткізілді. Сауалнамаға қатысушылар құқықтық, әлеуметтік және мәдени мәселелер, кәмелетке толмағандардың қоғамдық мінез-құлқының алдын алу, ситуациялық мәселелерді шешу бойынша тамаша білімдерін көрсетті.

№112 жалпы білім беретін мектепте 9-сыныптың  ата-аналарының қатысуымен онлайн-семинар өтті. Онлайн - семинардың мақсаты :*Балалар мен ата-аналардың өзара іс-қимылы, Бала құқықтары туралы халықаралық нормаларға сәйкес жұмысты ұйымдастыру мәселелерін талқылау;*Ата-аналардың бала құқықтары туралы білімдерін нақтылау және тереңдету; * Ата-ананың өз баласына деген достық қарым-қатынасын қалыптастыру; Ата – аналарға кеңес берілді: баланы сол қалпында қабылдау және оны сүю, оған үнемі қамқорлық жасау, отбасындағы бала құқықтарының бұзылуына жол бермеу, жаза денсаулыққа зиян тигізбеуі керек, физикалық та, психикалық та, балаларға құрдастарына, жануарларға, жәндіктерге дөрекілік пен қатыгездік танытуға тыйым салу.

Алматы қаласы Білім басқармасының хаты негізінде Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Балалардың құқықтары - адам құқықтары" айлығын өткізу аясында 7-сыныптың, сынып жетекшісі Шаршикенова Г. И. "Бақытты балалар - бақытты отбасы - бақытты Ел" тақырыбында конференция өткізді.

       Кәмелетке толмаған балаларға қатысты құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық немесе қатыгездік қарым-қатынас, педагогтердің әдепке жатпайтын мінез құлықтары туралы дәріс сабағын өткізді.

Мақсаты: бала құқықтары, оларды сақтау, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру, оларды жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күнін өткізу аясында 2020 жылдың 23 қарашасында Қазақстан Республикасының барлық білім беру ұйымдарында білім алушылардың, педагогтардың және ата-аналардың белсенді қатысуымен адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған төмендегі іс-шараларды санитарлық эпидеомиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ұйымдастырылды:

  «Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» тақырыбында шаттық шеңберлері, сынып сағаттары, әңгімелесулер онлайн форматта өткізілді. 
Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың  құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялауы шеңберінде ағымдағы жылдың  9-20 қараша аралығында « Қатыгездік пен зорлық- зомбылықсыз   балалық шақ» республикалық науқаны аясында №112 жалпы білім беретін мектепте Ата- аналар қауымы үшін «Зорлық-зомбылықтың алдын алу.Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» атты онлайн семинар өткізілді.

«Мектеп-қатыгездік пен зорлық- зомбылықтан азат  аумақ»  тақырыбында онлайн форматта 9-10 сынып оқушылары арасында  онлайн форматта конференция ұйымдастырылды. Мақсаты: Балаларды қатыгездікпен және немқұрайлықпен  қарау проблемасына қоғамның назарын аудару жіне   қоғамда  балаға  зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру.

Кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу мақсатында рейд жүргізілді.

21.12.2020 күні 1-10 сыныптарда «Өз құқығыңды білесің бе»? тақырыпта сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатына мектеп инспекторымен онлайн форматта кездесу өткізілді.Мақсаты:

1.Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттіліктерін іріктеп  ала білуге үйрету.

2. Жас өспірімдер мен балалар арасындағы тақырыпты талқылауға,  өз бетімен жұмыс ісстеуге үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой-өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін  арттыру.

3. Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру.

Этика мен эстетика бойынша, «Мен қазір қандаймын?» «Мен қандай болуға тиіспін?» тақырыбында мектеп медбикесі Р.А.Қонысбаева мен аға тәлімгер Ж.Е.Қосымбетова түсіндірме жұмыс жүргізді. Мақсаты: адамдармен қарым-қатынаста мінез-құлықтың негізгі этикалық талаптарын меңгеру, сыйпайылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.Оқушыларды өзінің бойындағы ең жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді айыра білуге үйрету.

«Надандық пен сыпайылық туралы»  тәрбие сағатының мақсаты:

а) Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету,  имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.

ә) Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа,
 кішіпейілдікке үйрене отырып,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

№112 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі 

Каримова А. А. "Балалық шақ бақытты болуы тиіс!" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: балалардың Бақыт туралы идеяларын дамыту, игі істер мен іс-әрекеттер жасауға деген ұмтылысын тәрбиелеу, абстрактілі ойлауды жандандыру.

Алматы қаласы  Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектептің  жұмыс жоспарына сәйкес 9-сынып оқушылары және ата-аналарының қатысуымен балаларға қатысты зорлық-зомбылы мәселесінің алдын-алу, мақсатында «Қылмыс неден басталады?» атты онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата - анамен мен оқушылар арасында өтілген  дөңгелек үстел.

Алматы қаласы Жетісу ауданы № 112 жалпы білім беретін мектепте 3.02.2021ж. 9-10 сыныптар арасында ЮНИСЕФ ұйымдастырған апаттар қаупін жəне төтенше жағдайларды азайтуға бағытталған бағдарлама бойынша еріктілермен кездесу онлайн форматта өтті. Республика бойынша оқушыларға төтенше жағдайлардың түрлері мен олардан сақтану шаралары жайлы ақпараттар берілді.

Алматы қаласы, Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектептің жоспарына сәйкес  9-10 сыныптар арасында «Қылмыс неден басталады атты» түсіндіру сабақтары жүргізілді. Мақсаты: "Ел ертеңі - бүгіннен басталады"- демекші, жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру, бойларын жаман әрекеттерден аулақ болуға баулу, адамгершілікке, мейірімге тәрбиелеу, сонымен қатар қылмыс неден туындайтындығын түсіндіріп, оның алдын-алу шараларын қарастырып, әрбір қылмыстық әрекетке жауапқа тартылатындығын және қылмыстық жауапкершілік деген ұғымды түсіндіру.

Алматы қаласы, Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектептің жоспарына сәйкес  "Біз бақытты баламыз" атты сыныпсағаты. Мақсаты:Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға. түсіндіру.Ой-өрістерін, ойлау логикаларын дамыту, сөйлеу тілдерін жаттықтыру. Тәрбиелік мақсаты: Балаларды жақсылыққа, инабаттылыққа ата-анаға. мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №112 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларымен "Желілік кеңістіктегі қарым-қатынастың ережелері" тақырыбында мектеп психологтары Изимова А.Т.  мен Пиралиева М.С. психологиялық вебинар өткізді. 

Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек-интернетке байланысты қарым-қатынас этикасы туралы оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау, оқушылардың интернет туралы толық ойын қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар, желілік кеңістіктегі жеке бас құқығын сыйлау, құрметтеу туралы білімдерін арттыру, уақытты тиімді пайдалану туралы ақпараттармен бөлісу.

Алматы қаласы, Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектептің жоспарына сәйкес "Ұлттық ойын-ұлт қазынасы" атты дене шынықтыру пәні мұғалімдері спорттық ойындар жарысын ұйымдастырды.   Ұлттық ойындардың түрлерімен,ерекшеліктерімен таныстыру. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, ұлттық сана сезімді ұялатады, ұлттық ойындар туралы білімін дамытады.Асық ойнату арқылы оқушыларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке баулиды. Ұлттық ойындар арқылы, тапқырлыққа, дәлдікке, көрегенділікке және күштілікке тәрбиеленеді.   

2020-2021 оқу жылында  каникул күндері  қарсаңында 1-11  сынып оқушылары арасында  қауіпсіздік   ережелеріне  бағытталған   «Түнгі қаладағы балалар» атты   республикалық  дәстүрлі  акциясы   ұйымдастырылды. «Түнгі қаладағы балалар» акциясы бойынша Жетісу ауданы №112жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері кешкі уақыт аралығында мектеп оқушыларының бос уақытын қайда өткізетінін анықтау мақсатында кезекшілік рейд жұмыстарын жүргізіп жатыр. Рейд кезінде мектеп балалары анықталған жоқ.

Акцияның мақсаты –  жыл бойында   каникул  кезіндегі оқу процесі  кезіндегі  оқушылардың   қауіпсіздігін  қадағалау мақсатында  ақпараттық –түсіндіру  және   алдын алу  іс-шараларының  жоспарын   әзірлеу, қауіпсіздік   тақырыбындағы  сынып сағаттарын өту, нұсқаулықтар  өткізу



Мектеп  директоры      Юлдашева Д.К.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: