№112 жалпы білім беретін мектептің 22.02.-27.02.аралығында өткізілген іс- шаралардың есебі » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №112 жалпы білім беретін мектептің 22.02.-27.02.аралығында өткізілген іс- шаралардың есебі
11
наурыз
2021

№112 жалпы білім беретін мектептің 22.02.-27.02.аралығында өткізілген іс- шаралардың есебі

Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы мен мектепішілік жоспарға сәйкес,   №112 жалпы білім беретін мектепте Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай  Жылдар бойы болған оқиғалар табиғи зілзалалар мен техногенді апаттардың алдын алу мен залал зардаптарын еңсеруге жан-жақты көмектесу.   «Біз қауіпсіз  өмірді қалаймыз» деген тақырыпта қауіпсіздік шараларды   және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында алғашқы көмек көрсетудің тәсілдері бойынша  дәріс оқыды

Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы мен мектепішілік жоспарға сәйкес,  №112 жалпы білім беретін мектепте Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай   жылдар бойы болған оқиғалар табиғи зілзалалар мен техногенді апаттардың алдын алу мен залал зардаптарын еңсеруге жан-жақты көмектесу мақсатында  "Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс"атты ұранымен видео ролик  жолдаймыз.

Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы мен мектепішілік жоспарға сәйкес  №112 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай спорттық іс-шаралар  ұйымдастырылды.  Мақсаты: Олимпиадалық спорт түрлері туралы білімдерін кеңейту. Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы мәлімет беру. Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу«Көп бейнеттің зейнеті болатындығын» ұғындыру арқылы шыдамдылыққа, басқаға жақсылық жасау, қамқор болу, қайырымды,әділ болуға тәрбиелеу. 

Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 ЖББМ мектепшілік жоспарға  сәйкес 7- сынып оқушылары арасында «Қылмыс неден пайда болады?» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. 

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №112 Жалпы білім беретін мектебінің мектеп психологтарының   жылдық жоспары бойынша 9-сынып оқушыларымен Изимова А.Т. мен Пиралиева М.С. "Басқалар мен туралы не ойлайды?" тақырыбында онлайн вебинар өткізді. 

Мақсаты: Оқушылардың өз шешімдерін сараптап, ой елегінен өткізіп, түйсігі мен қажеттіліктерінің таразысына сала отырып, оларды шыншылдыққа тәрбиелеу және қандай да бір ақпарат бойынша өзіндік түсінік қалыптастыруға кеңес берілді. Онлайн вебинар соңында оқушылармен психологиялық ойын жүргізілді. Оқушылар өзара бір-біріне деген жақсы тілектерін білдірді.

Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектептің мектепшілік  жоспарға сәйкес «Діниэкстремизм мен терроризмнің алдын-алу» тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.

Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы мен мектепішілік жоспарға сәйкес  №112 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты 1 наурыз – Алғысайтукүніне орай сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; - әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы мен мектепішілік жоспарға сәйкес  №112 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Мақсаты: Аты аңызға айналған халық ақыны,жыраулық өнерінің шебері, айтыскер Жамбыл Жабаевтың өмірін, шығармашылығын,ауыз әдебиетінде жүрген көп өлеңдерін, жырларын, термелерін оқушыларға тереңінен жеткізіп,түсіндіру; ақын шығармашылығын дәріптеу; жастарды отансүйгіштікке,эстетикалық және патриоттық тәрбиеге баулу.

Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы мен мектепішілік жоспарға сәйкес  №112 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты 1 наурыз – Алғысайтукүніне орай қазіргі пандемияға байланысты  қиын  кездерде адамның жанын сақтаумен арпалысқан медбикелерге,   балаларды біліммен нәрлендірген мұғалімдерге  2-сынып оқушысы Супиев Хусан мен Супиева Фотима тілектерін айтып алғысын білдірді.



                                            Мектеп директоры                  Юлдашева Д.К.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: