Отбасы тәрбиесі » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қазан
2021

Отбасы тәрбиесі

№ 112 жалпы білім беретін мектепте  оқушылардың ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, отбасы туралы ой өрістерін, білімдерін толықтыру мақсатында 1-4 сынып оқушылары арасында «Отбасы күні»  мерекесіне орай «Әр отбасы-мемкететтің іргетасы», «Отан отбасынан басталады» тақырыптарында сыныптан тыс сабақтар, «Моя семья- мое богатство» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.


Алматы қаласы,Жетісу ауданы #112 ЖББ мектептің психологтары 

Пиралиева М.С. мен Изимова А.Т. 6 "А"сынып оқушыларымен "Отбасым менің қуатым" атты тақырыпта тренинг сабақ өткізді.
 Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіре отырып, халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен,әже өнегесімен,ата ақылымен берілетіндігін,өзіндік ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына дарыту.


Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектепте 5-9 сынып оқушылары арасында Отбасы күніне арналған “Отбасым-алтын ұям” тақырыбында сурет байқауы мен көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты оқушыларға отбасының маңыздылығы мен отбасындағы ата-ананың тәрбиесі жайлы айқындау болды. Сурет салу барысында оқушылардың шығармашылыққа сүйіспеншілігі, отбасының алар орнының маңыздылығы суреттелді. Ел Президентi мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығынатап өтуіміз керек. Отбасы күнін Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Әкенің «батырым», шешенің «құлыным» деген сөзін естіген балада жақсы сезім туатыны белгілі. Ғ.Мустафинның «Ата- ананың міндеті- тәрбиелеу және жақсылықты үйрету» деген сөзінде көп тәрбие жатыр. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз. Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: