Іс-шаралар » Страница 3 » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ана деген тіршіліктің тірегі
07
наурыз
2024
Ана деген тіршіліктің тірегі
Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес №112 жалпы білім беретін мектепте 8-наурыз мерекесіне орай мектеп оқушыларының дайындаған "Ана деген тіршіліктің тірегі" атты мерекелік іс-шарамызды назарларыңызға ұсынамыз.Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар!
Біртұтас тәрбие
06
наурыз
2024
Біртұтас тәрбие
Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес №112 жалпы білім беретін мектептеТерроризм тақырыбында тәрбие сағатын өткізілді. Шараның мақсаты: оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беру. Діни ағымдардың қоғамға әсерін көрсету. Әлемде болып жатқан террористік әрекеттер туралы ой түю. Жастардың діни ой-санасын дұрыс қалыптастыруға бағыттау.
Ана – күннің шуағы
05
наурыз
2024
Ана – күннің шуағы
Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес №112 жалпы білім беретін мектепте 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай  «Ана – күннің шуағы» атты сынып сағаттары өткізілді.Мақсаты: оқушыларға 8 наурыз мерекесі жайында мағлұмат беру; оқушыларды аналарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға баулу,қыздарды әрдайым сыйлап жүруге тәрбиелеу; оқушылардың логикалық ойлау өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту. эстетика-этикалық әдептерді жетілдіру.
Асыл-анам
04
наурыз
2024
Асыл-анам
Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес №112 жалпы білім беретін мектепте 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай  «Асыл-анам» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.  Мақсаты: Ана жайлы өлеңдер, әндер арқылы аналарды , ұстаздарды құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ата-анаға, ұстазға деген сыйын арттыру.
Біртұтас тәрбие
01
наурыз
2024
Біртұтас тәрбие
Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес №112 жалпы білім беретін мектепте қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арнап сынып сағаттары  өтті. Мақсаты: Ұлттық мүдде:қазақ халқының тарихын,әдебиетін дәріптеу; Оқушылар жазушының өмірімен, шығармашылығымен жақын танысып, өздері мағлұматтар қоржынын толтыру.
Құқық бұзушулықтың алдын алу бойынша балалармен  жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу  басты міндет, камелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы іс-шара ұйымдастырды.
29
ақпан
2024
Құқық бұзушулықтың алдын алу бойынша балалармен жасөспірімдер
Құқық бұзушулықтың алдын алу бойынша балалармен  жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу  басты міндет, камелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсаттында  Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектепте «Буллинг және оның алдын-алу» тақырыбында 9-сынып оқушылары арасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Полатова У.Н., мектеп психологы Пералиева М.С., әлеуметтік педагог Шуинбаева Р.К., сынып жетекшісі Алиева Г.А. дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Қауіпсіздік ережесін сақтау тақырыбында сынып сағаттары  өткізіліп түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
28
ақпан
2024
Қауіпсіздік ережесін сақтау тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп
Қауіпсіздік ережесін сақтау тақырыбында сынып сағаттары  өткізіліп түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырып, оны сақтай білуге тәрбиелеу. Көбінесе жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: алғашқы медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде. Өмір қауіпсіздік негіздерін  білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің
«Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз»
26
ақпан
2024
«Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз»
Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес №112 жалпы білім беретін мектепте  оқушылар мен мұғалімдер арасында «Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз» мерекесіне орай ұлттық спорттық ойындарды дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында асық ату, гир көтеру, арқан тартыс, бұқа тартыс тағы басқа ұлттық ойындар бойынша сайыстар ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай.
23
ақпан
2024
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 14 ақпандағы №17-1-04\632-хатына сәйкес Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы 23 ақпанда сағат 10-да Алматы қаласында№112 жалпы білім беретін мектепте жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтті. Мектеп оқушыларына төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, тұрғындар қауіпсіз жерлерге эвакуациялау маршруттарын алдын ала анықтауы, дабыл қағатын чемодандарды дайындау туралы
«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»
22
ақпан
2024
«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»
Алматы#Біртұтас_тәрбие  Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектепте Біртұтас тәрбие бағыты бойынша  Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты мерекелік іс-шара өткізілді .Мақсаты: оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Ата-бабадан қалған мәдени-мұраны заман талабына сай жаңғыртып, әлемге насихаттау қажет. Ұлттық құрылтайда Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев