№112 жалпы білім беретін мектеп Дүниежүзілік сабақ » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
қазан
2020

№112 жалпы білім беретін мектеп Дүниежүзілік сабақ

2019жыл-Қазақстан   Республикасының бала  құқықтары   туралы  Конвенцияны  қабылдауының   30 жылдығы мен   ратификациялауының  25жылдығын мерекелеуге  байланысты   №112   жалпы  білім  беретін мектепте  5-9 сыныптар арасында 2019 жылы 13  қараша   күні  «Бүгінгі  шақ және   болашақ:  әр  бала үшін   қорғаныс  қамтамасыз  етілген   балалық шақ» атты   Дүниежүзілік  сабақ  ұйымдастырылды. Мақсаты: «бала құқығы», «адам құқығы», «құқық» теминдерінің, балалардың құқықтары туралы Конвенция ережесінің қабылдаған және оны түсіну үшін жағдайлар жасау.  Балалардың құқықтары бойынша Конвенция туралы балалардың ақпарат алуын арттыру.  Заңды тұрғыдан өзін қорғай алатын дағдыларды дамытуға көмектесу. Тәрбие сабағы барысында «Қол соғыңыздар, егерде ...» деген әдіспен басталды.Кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады? Кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын?  Конвенция ұғымын қалай түсінетіндігі туралы. Бала құықтары туралы Конвенция – бұл шарт, онда әлемдегі барлық балаларға қатысты, олардың құқықтары туралы айтылады. 


І-тоқсан қорытындысы бойынша 13 қараша күні №112жалпы білім беретін мектепте ата-аналар  жиналысы  өткізілді.Ата- аналар  жиналысында қаралған  мәселелер:

  1. Ата-ананың мектеп  өміріндегі   рөлі.
  2. Білім   сапасы бойынша 1-тоқсан   қорытындысы. 
  3. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары.
  4. Сабақтан себепсіз қалмауды  қадағалау мәселесі, оның  салдары.

Салауатты өмір салты бағыты  бойынша ЖҚТБ  мәселесі  және оның   алдын алу салтанатты жиын  ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмірсүре   білуге тәрбиелеу,  шылым  шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД- тің адам  ағзасына  зиянды әсерлерін ашып  көрсету, солдардың  салдарынан туатын аурулар  туралы өқушылардың білімдерін  жетілдіру, сана- сезімдерін тәрбиелеу.

Денсаулық –  әр адамның  бақыты мен қуанышының  қайнар   көзі, сонымен    бірге  бүкіл   қоғамның  мұрасы, адамның  денсаулығына   қамқорлық жасау қажет. Бұл отбасы   мен  мектепте  болады.Мектепте  оқи  отырып,  балалар оған салауатты  өмір салтын   дұрыс  ұйымдастыруға, дұрыс  жұмыс   істеуге, ұтымды тамақтануға және   демалуға  көмектесетін  ғылыми   білім  алады. Салауатты өмір  салты денсаулыққа  байланысты   өмір салтын  таңдаумен  байланысты   бұл гигиена  мәдениетінің белгілі бір деңгейін білдіреді.Қараша   айында  біздің  мектепте 7 сынып оқушылары  үшін Procter& Camble гигиеналық білім беру бағдарламасы аясында «Өтпелі ғасыр- қыз денесімен мінезін өзгерту» тақырыбында  Тохтахунова Гулзира Эскериевна дәріс өткізді.

Сынып сағаттары. Салауатты  өмір салты дегеніміз дұрыс  тамақтанып,  күн сайын   спортпен айналысып таза   ауада  серуендеу.Мақсаты: оқушыларға  әлемді алаңдатып отырған нашақорлық,СПИД арақ  темекі  сияқты   зиянды әрекеттердің  белең алып бара жатқандағын  ескере  отырып, оны болдырмаудың алдын  алуға   тәрбиелеу.Оларды  жаман әдеттерден сақтандыру.Жас балғыгндарды  мектеп парасатынан- ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан  тек қана жақсы әдеттердібойына сіңіруге ХХІ ғасыр  басындағы  Спид ауруының   алғы шарттарын болдырмауға баулу.


1-9 сыныптар арасында «Салауатты  өмір  салты» тақырыбында  жиын   өткізілді.  Салауатты  өмір салты   әуелі  денсаулықты  сақтауға   және  нығайтуға  бағытталған сауықтыру  жолындағы   белсенді  іс- әрекет. Әр түрлі  аурулардың алдын  алу   үшін организмді  үнемі  шынықтыру   қажет. Шынығудың арқасында организм   қоршаған  ортадағы  температураның  күрт   өзгеруіне бейімделеді және   организмнің жұқпаларға  қарсылығын жоғарылатады.

№112 ЖББМ Алматы  қалалық   мәслихат депутаты  Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлымен  кездесу өткізілді. Ұлтымыздың көшбасшысы тұңғышЕлбасымыз  Нұрсұлтан   Назарбаев Әбішұлыныңөлшеусіз еңбегімен салиқалы саясатының нәтижесінде  әлем таныған  мемлекет   болғанымыз жайлыатап өтті. Елбасымның мұраты- биік, арманы- асқақ. Қазір  әлем  таныған ел болып  отырғанымыз елін  сүйген Елбасының  арқасы десек, қателеспейміз. Бүгінде Қазақсатн бірлік пен қоғамдық    келісімнің  алтын  бесігіне   айналды.  Елбасының «Қазақстанның  болашағы, жастар,  сіздердің   қолдарыңызда»   деген  сөзін   Алматы  қаласының  маслихат   депутаты  Құдайберген  Қайрат    Құдайбергенұлы  айтып   өтті.

Елбасы  Нұрсылтан   Назарбаев  «Нұр  Отан» ХДП-   ның  кезекті  сьезінде   «Жас  Ұлан»бірыңғай  қозғалысын   құру  арқылы   Қазақстанның   жас  азаматтарын  біріктіру,   сондай-ақ   «Жас  Қыран»   балалар  ұйымдарының  жаңа   жүйесін  құру  атап    өтті.Дәл бүгін,  Қазақстан Республикасының   Тұңғыш  Президенті   күні  қарсаңында  №112   ЖББ мектептің  ең  үздік   оқушылары  «Жас Ұлан»,  «Жас қыран» бірыңғай балалармен  жасөспірімдер   ұйымы  қатарына қабылданады. «Жас Ұлан», « Жас  Қыран»  бірыңғай   балалармен  жасөспірімдер  ұйымына   қабылдану  рәсіміне  арналған   салтанатты  жиын  Оқушылар   үйінде  өткізілді.

Тәуелсіздік  Қазақстанның    тарихы  Ұлттың  көшбасшысы- Нұрсылтан Әбішұлы  Назарбаевтың есімімен  тығыз   байланысты. Патриоттық  сезімді   тәрбиелеудің   жарқын  бейнесі   қазақстан   Республикасы  Тұңғыш  Президентінің   өмірі  мен  қызметі   болып  табылады.Еліміздің  Тұңғыш   Президенті   күніне№112 ЖББ мектепте  «Ел   қамқоры-Елбасы!» тақырыпта   мерекелік  іс-шара  өткізілді.Мақсаты:  Тәуелсіз   Қазақстанның  қалыптасуындағы  Тұңғыш   Президент-  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  еңбегінің   маңызын ашу; балалардың  ой- өрісін кеңейту, ойлау қабілетін   дамыту;  еліміздің  Тұңғыш   Президентіне  деген  мақтаныш   сезімін, патриотизмді, Отанға   деген  сүйіспеншілікке  тәрбиелеу.Ұлт   Көшбасшысы- Елбасы Н.Ә. Назарбаетың   тәуелсіз   еліміздің  дамуына   қосқан   баға  жетпес   үлесін  білу,патриоттық,  Отанға   деген мақтаныш  сезімін  қалыптастыру.     

Жетісу  ауданы №112 ЖББмектепте  қазақ тілі пәні  мұғалімі   Скакова  Галия  Айдаровна 9- сынып оқушыларымен  «Тәуелсіздік тірегім»  атты   әдеби  сазды  кеш   ұйымдастырды.  Мақсаты:  Еліміздің өткеніне,  бүгініне,   ертеңіне  көзжіберіп  шолу жасау.Өз   еліміздің  тілін,  тарихын, салт   дәстурін, әдебиетін  қадір  тұтып,   құрметтеу. Оқушыларға  патриоттық тәрбие  беру. Еліне, отанына, туған  жеріне   деген сүйіспеншілігін арттыру.Біз   тәуелсіз  елдің  түлегі болғанымызға  шексіз   қуанамыз.  Біздің отанымызды  әлем   таныды. Осы сәтте Отан  туралы еріксіз ойға  берілесің. Бұл  ұғымның аясы   кең. Отан- далаң,  орман,  тауың,   ауылыңмен  астанаң. Отан  әр   жұмыр  басты пенденің   киелі   мекені  жер  басып   жүрген әр  тіршілік  иесінің шексіз  байлығы.   Тәй- тәй басқан  нәресте де,  еңкейген   қария да   оның   бір  мүшесі. Еліміз   әрқашанда   тыныш   болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: