«Мейірім төккен АНА» тақырыбында мектеп кітапханашысы Л.М. Потаповамен бірге ұйымдастырылған онлайн кітап көрмесі » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мейірім төккен АНА» тақырыбында мектеп кітапханашысы Л.М. Потаповамен бірге ұйымдастырылған онлайн кітап көрмесі
10
наурыз
2021

«Мейірім төккен АНА» тақырыбында мектеп кітапханашысы Л.М. Потаповамен бірге ұйымдастырылған онлайн кітап көрмесі

№112 жалпы білім беретін мектепте 2-ші ақпан күні «Өзін-өзі тану» адамгершілік рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның өмірлік еңбек жолы, қызметі туралы «Мейірім төккен АНА» тақырыбында мектеп кітапханашысы Л.М. Потаповамен бірге ұйымдастырылған онлайн кітап көрмесі өткізілді.

Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім басқармасының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай №112 жалпы білім беретін мектепте 6-сыныптар оқушылары  арасында «Қазақстан жастары –Тәуелсіздіктің толқынында» атты мәнерлеп оқу сайысын  өткізді. Мақсаты: Іргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан дарынды жастардың шығармашылық өнерін насихаттау, жаңа есімдерді қалың жұртшылыққа таныстыру және елдің мәдени дамуына қомақты үлес қосатын жас өнерпаздардың бастамаларына қолдау көрсету, өскелең ұрпақ бойына өнер мен мәдениетке құштарлық, азаматтық белсенділік, өз ойын өнер арқылы жеткізе білу сынды қасиеттерді сіңіруге ат салысу.

Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы мен мектепішілік жоспарға сәйкес  №112 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына  мектептің 5~сынып оқушылары арасында Мұқағали оқуларынан онлайн поэзия кеші өтті. 

Іс~шараның мақсаты:

– М.Мақатаев шығармашылығын дәріптеу;

– Ақын өлеңдері арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу;

– поэзия әлемінің сырын ашу. 

Поэзия кешіне қатысқан оқушылардың көркем сөздерінен үзінді ұсынамыз. 

Ұйымдастырушы: Түсен Сандуғаш.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: