Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қазан
2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

                   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
           Алматы қаласы Жетісу ауданының №112 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 100 нақты қадам –Ұлт жоспарының қадамдарын практикалық тұрғыда іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 13- қадамының 9- тармағын орындау шеңберінде «Рухани-адамгершілік пен азаматтық –патриоттық тәрбие беру мәтінінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасы аясында тәрбиелік-іс шараларды ұйымдастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып, 45 оқушы мүшелікке қабылданды. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерінің қатысуымен үш секция бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы; - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат секциясы;- Шығармашылық және мәдени іс-шаралар секциясы.


 

              Бұл секциялардың мақсаты: «Сыбайлас-жемқорлық» ұғымын түсіндіру, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және оқушыларды әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу және әр адам өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстауын қалыптастыру. Жалпы адамзаттық құндылықтарды кеңінен насихатау, баршаның заң алдындағы теңдігі, еңбек сүйгіштігі  және адалдығын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға, оның ішінде мектеп оқушыларының заң талаптарын орындау, білім және мәдени деңгейін арттыру.


               Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруда мектеп мұғалімдері, ата-аналар және оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының жалпы ержелерін сақтау, сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелері, оның пайда болу себептері, қылмыстық қол сұғуды болдырмау мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп  ата-аналар арасында жиналыс өткізілді. «Жемқорлық- қоғамның дамуына кері әсер етуші фактор» тақырыбында дөңгелек үстел. 

«Адал және сатылмайтын еңбек» тақырыбында сурет байқауы, «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталасы, «Қазақстан-құқықтық мелекет» айлығы, 1-4 сынып оқушылары 

Мұндағы мақсат: «Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» ұғымының мағынасын ашу, «тәртіпсіздіке мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру. Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын, құқықтық мемлекеттік қалыптасу кезеңдерін талқылау және топтық ойын барысында мемлекеттік қызмет түрін алу барысында кездесетін қиындықтарды көрсету, қызмет көрсетушілердің білімді, сыпайы, дөрекі, біліксіз мінез-құлықтары және көрсетілетін қызмет алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттері арқылы мәдениетті қалыптастыру. Қорыта келе, бүгінгі жас ұрпақты білімді, саналы етіп тәрбиелеумен қатар, сыбайлас жемқорлықтан таза тұлғаларды қалыптастыру бүгінгі мектеп ұстаздарының басты міндеттерінің бірі болып саналады.

 Мектебіміздегі жалпы қауым үшін арналған бірінші қабат дәлізіндегі ақпараттық «Парасатты азамат» бұрышы үнемі жаңартылады. Жемқорлықты болдырмау және алдын алуға арналған әрбір іс-шараның мақсаты: Елбасының саясатын қолдап «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

         Сынып сағаты  Қожа Ахмет Яссауидың «Әділ сөйлеп, адал жүр»деген қанатты сөзімен басталды. Онда «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы дәріптеліп, оқушыларға жемқорлық салдары  туралы   кең көлемде ақпарат берілді. Мақсаты: өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың  теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. 


            Алматы қаласының Білім басқармасы   Қазақстан  Республикасы мемлекеттік  қызмет істері  және жемқорлыққа  қарсы Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің  хатына сәйкес 2020 жылдың 16 қаңтарда Жетісу ауданының №112 жалпы білім беретін  мектепте Адал дүкені  сатушысы жоқ,   «Адалдық дүкені» жұмысын  жалғастырды. Онда қызмет көрсететін көпшіліктің көзі үйренген сатушы да, автомат құрылғысы да жоқ. Аты айтып тұрғандай «Адалдық дүкеніне» талап бойынша кез   келген  тауарды сатып алғысы келген оқушы оның ақысын арнайы жәшікке тастап кетуі тиіс. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.Адалдық дүкенінің басты мақсаты Жас ұрпақты адалдылыққа  тәрбиелеу. Аталмыш дүкен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға тікелей әсер етеді.Инстаграмм сайтына салынды,shkool 112almaty


Алматы қаласының   Білім басқармасы  Қазақстан  Республикасы мемлекеттік  қызмет істері   және жемқорлыққа  қарсы Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің  хатына сәйкес 2020 жылдың 17 қаңтарда Жетісу ауданының №112 жалпы білім беретін   мектепте 7-9сыныптар арасында «Адалдық сағаттары» атты республикалық акциясы  ұйымдастырылды. Инстаграмм сайтына салынды,shkool 112almaty

Акцияның   негізгі мақсаты:  қоғамда, әсіресе  өскелең  жастар арасында «парасаттылық  принциптерін   ілгерілету», «парасаттылық,   әділдік, шынайлық»  ұғымдарын  трендке   айналдыру, сыбайлас   жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті   қалыптастыру. 



Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектепте  қашықтықтан  оқытуға көшуге байланысты кезекті «Адалдық сағаты» республикалық акциясын онлайн форматында  Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, «Адалдықты мұра еткен  Ұлы Абай» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында қазақ және  орыс тілдерiнде өткізілді. 


Құрметті 9-11-сынып оқушылары!!! "Адалдықты мұра еткен ұлы Абай " тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "Адалдық сағаты" *18 мамырда сағат 15:00-де* *"Балапан" телеарнасында - қазақ тілінде, "EL ARNA" телеканалында - орыс тілінде*  республикалық деңгейде көрсетіледі. Сонымен қатар Агенттіктің ютубтағы төмендегі  сілтемелері арқылы да қосыла аласыздар.
 Қазақ тілінде:

 
https://www.youtube.com/watch?v=ZSM38Eh37YQ

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: