Конкурс кужаттары » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
маусым
2014

Конкурс кужаттары

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау қағидаларына

1-қосымша

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдаужөніндегіүлгілік конкурстық құжаттама

Алматы қаласы Білім басқармасының «№112 ЖББМ» КММ оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметтің өнім жеткізушісін таңдау бойынша конкурс

________________________________________________________________
(конкурс атауынкөрсету)

Конкурсты ұйымдастырушы:

«Алматы қаласы Білім басқармасының «№112 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

050014, Алматы қаласы, Ратушный көшесі, 131

ЖСК KZ32070102KSN6001000, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті

БСН 961140000976

БСК KKMFKZ2A

email: j.kamilevna@mail.ru, байланыс телефондары: 8(727)294-17-92, 8(727)251-65-95;

________________________________________________________________

(тапсырыс берушінің толық атауын, орналасқан жерін, БСН, банктік деректемелерін,байланыс телефондарын, электрондық және почта мекенжайын көрсету)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны -400білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар - 250.

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома - 5775000 теңгені құрайды.

Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды.

2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:

1) осыҮлгілік конкурстыққұжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;

2) осыҮлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;

3) осыҮлгілік конкурстыққұжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

4) осыҮлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.

3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді:

1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) мынадай банк шотында№ KZ910705023603883001

 

орналастырылғын ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы;

2) осыҮлгілік конкурстыққұжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.

 

2. Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету

 

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілгенкүннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының 2-қосымшасына сәйкеснысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.

6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.

7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.

8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

 

 

 

 

 

3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу

 

9. Конкурсқа қатысуға өтінім:

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінімді;

2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:

заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама,заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;

осыҮлгілік конкурстыққұжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып,банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;

конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары жәнежинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы,теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.

 

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

 

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып:

050014, Алматы қаласы, Ратушный көшесі, 131

«Алматы қаласы Білім басқармасының «№112 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі», №132 каб., конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты Шуинбаева Рысты Каржаубаевна,

Сұранымдар мен жұмыс күндері сағат 09-00 ден 17-00 дейін 2014 жылдың 22 маусымын қоса ала отырып, сағат 13-00 дейін қабылданады,

Байланыс телефондары:8 (727)294-17-92, 8(727)251-65-95;

11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім берушіжөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.

Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралымәліметтер енгізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.

13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

5. Конкурс өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

 

14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада конкурсты 23.06.2014жылы 10-00-де №132 кабинетте конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.

15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.

16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерін ашады.

17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттер ашылуға жатады.

18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

 

6. Конкурстық өтінімдерді қарау

 

19.Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтінәлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді.

21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.

22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.

23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.

Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерінкөздейді.

25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.

26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.

Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.

27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.

30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.

31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады.

32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.

33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.

34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотынаенгізеді.

35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі–конкурсөтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.

36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.

37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда неконкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді.

38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;

2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамағанжағдайларда қайтармайды.

39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушігеөзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді:

1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі

үлгілік конкурстық құжаттамаға

4-қосымша

 

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

(жеке тұлға үшін)

Кімге________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)

Кімнен______________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)

1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжатқа сәйкес Т.А.Ә.

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжаттың деректері (№, кім берген)

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің тіркелген мекенжайы

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің нақты тұрғылықты
мекенжайы

 

Тіркеу туралы куәліктің, патенттің
не Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес конкурс мәніне
сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға құқық беретін өзге де
құжаттың нөмірі

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің байланыс телефондары,
почта мекенжайы мен электрондық
почта мекенжайы (болған
жағдайда)

 

2. _____________________________________________________________

(жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі)

осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

3. _____________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.

4. _____________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

________________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

5. Осы конкурстық өтінім __ күн ішінде қолданылады.

6. _____________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуді міндеттенеміз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

 

Күні

 

Басшының қолы _________________

Юлдашева Джумагуль Камильевна, директорМ.О.

(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: