Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Қазақстан Республикасы мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 100 нақты қадам –Ұлт жоспарының қадамдарын практикалық тұрғыда іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 13- қадамының 9- тармағын орындау шеңберінде «Рухани-адамгершілік пен азаматтық –патриоттық тәрбие беру мәтінінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасы аясында тәрбиелік-іс шараларды ұйымдастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып, 45 оқушы мүшелікке қабылданды. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерінің қатысуымен үш секция бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы; - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат секциясы;- Шығармашылық және мәдени іс-шаралар секциясы.