№112 жалпы білім беретін мектеп Дүниежүзілік сабақ
2019жыл-Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25жылдығын мерекелеуге байланысты №112 жалпы білім беретін мектепте 5-9 сыныптар арасында 2019 жылы 13 ноябрь күні «Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ» атты Дүниежүзілік сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: «бала құқығы», «адам құқығы», «құқық» теминдерінің, балалардың құқықтары туралы Конвенция ережесінің қабылдаған және оны түсіну үшін жағдайлар жасау. Балалардың құқықтары бойынша Конвенция туралы балалардың ақпарат алуын арттыру. Заңды тұрғыдан өзін қорғай алатын дағдыларды дамытуға көмектесу. Тәрбие сабағы барысында «Қол соғыңыздар, егерде ...» деген әдіспен басталды.Кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады? Кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын? Конвенция ұғымын қалай түсінетіндігі туралы. Бала құықтары туралы Конвенция – бұл шарт, онда әлемдегі барлық балаларға қатысты, олардың құқықтары туралы айтылады.