Көп мәдениетті эстетика » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №112»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
12
октябрь
2021

Көп мәдениетті эстетика

Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы бойынша 112 жалпы білім беретін мектептің тәрбие жоспары негізінде, Білім бөлімінің тапсырмасы аясында 10 «А» сынып оқушыларының Алматы күніне арнаған өлең жолдарын назарларыңызға ұсынамыз! 

Оқушылардың шығармашылық дамуына үлес қосу мақсатында, өз елін, жерін сүйетін, өз елінің  қалаларының өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу мақсатында "Алматыда ең үздік фото" атты онлайн  байқауға #ILOVEALMATY# 5-сынып оқушылары қатысты.


№112 жалпы білім беретін мектепте   «Алматы менің сүйікті қалам», «Алматы-арман қала»,   «Алматым-жүрегімде»,«Алматы-мой любимый город» тақырыптарында сынып сағаттары  өткізілді. Мақсаты: оқушыларға Алматы қаласының тарихы жайында түсінік беру. Оқушылардың танымын, ойын, тілін дамыту. Өз пікірлерін ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса білуге дағдыландыру. Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін, сөздік қорын байыту.


Жетісу ауданы білім бөлімінің тапсырмасы бойынша #112 жалпы білім беретін мектепте Жетісу ауданының 85 жылдығына байланысты 6-сынып оқушылары арасында “Жетісуым - қазыналы мекенім, сені мақтан етемін” тақырыбында Эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: ауданымыздың сыр шертер тарихымен танысу, өткеніне көз жүгірту, келешегіне үлес қосуға баулу.
 Оқушыларды патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.



Жетісу ауданы білім бөлімінің тапсырмасы бойынша #112 жалпы білім беретін мектепте Жетісу ауданының 85 жылдығына байланысты 5-7 сынып оқушылары арасында “Менің қалам-менің мақтанышым” тақырыбында сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: қаламыздың тарихи ескерткіштерін аялауға, демалыс орындарында өздерін ұстай білуге тәрбиелеу және осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: