04
мамыр
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында – біртұтас елміз» атты ішкі іс-шара өтті.Аталған шараның мақсаты – оқушыларға еліміздегі ұлттар достығы мен татулығын насихаттау, бірлік пен келісімнің маңызын ұғындыру. Іс-шара барысында білім алушылар әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрлерін таныстырып, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.Мерекелік кеш ерекше әсерге толы болып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осындай игі шаралар жас ұрпақты бірлікке, достыққа және өзара құрметке тәрбиелейді.