Қауіпсіздік сабағы
№112 жалпы білім беретін мектепте "Абайлаңыз, мұз!" тақырыбында сынып сағаттары жүргізілді. Мақсаты:оқушыларға мұз қауіпсіздігін есте сақтауға, берілген ескертулермен, ережелер белгілерімен таныстыру, нұсқауларды дұрыс орындауға тәрбиелеу. Өзара ой бөлісу, ойлау, қорытындылау қасиеттерін дамыту. Өз денсаулығының бағалы байлық екендігіне көз жеткізуге жағдай жасау. Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару.