«Адал азамат» біртұтас тәрбие
Референдум туралы толық түсінік беру мақсатында мектебімізде «Республикалық референдум туралы не білуіңіз керек?» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Референдум – ел тағдырын халықтың өзі анықтайтын маңызды демократиялық рәсім. Ол азаматтардың мемлекетке деген жауапкершілігін арттырып, қоғамда әділдік пен ашықтықтың қалыптасуына ықпал етеді. Референдум – халықтың дауысы естілетін, ел болашағы айқындалатын шешуші сәт.