Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қауіпсіздік сабағы
31
наурыз
2026
Қауіпсіздік сабағы
Қауіпсіздік сабағы: Қауіпсіздік сабағы – оқушыларға өмірлік маңызы бар қауіпсіздік ережелерін үйретуге арналған шара. Сабақ барысында төтенше жағдайларда әрекет ету, жол қозғалысы ережелері, өрт қауіпсіздігі және жеке бас қауіпсіздігін сақтау жолдары түсіндіріледі.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
30
наурыз
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында сынып сағаты  өтті. Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
19
наурыз
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
17 наурыз - Шаңырақ күні Бұл күні “№112ЖББМ» отбасы құндылықтарын дәріптеп, мектеп ұстаздары ұлттық киімдерін киіп, оқушыларға бауырсақ таратты. Ұйымдастырушылар: Игісін Ж.С. Полатова У.Н., Альчимбаева Г.Б.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
18
наурыз
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
Адам баласы бір-біріне мейірім мен қамқорлық танытқанда, қоғамда жылулық пен сенім артады. Кішкентай ғана көмек – біреуге айтылған жылы сөз, қолдау көрсету немесе көмекке мұқтаж жанға жәрдем беру – үлкен өзгеріске себеп болуы мүмкін осы мақсатта мектебіміздің 9 “В” сынып оқушылары мен сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен өткізілген “Жақсылық жасауды үйренемін” атты челленджін жасады.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
17
наурыз
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
№112 ЖББМ” КММ Қазақтың ұлттық дәстүрінде бұрым өру – қыз баланың сұлулығы мен тәрбиесінің белгісі.Ертеде қазақ қыздары ұзын шашын қос бұрым немесе көп бұрым етіп өріп жүрген. Ұзын, қалың бұрым қыздың көркі саналған. Шаштың ұшына күмістен жасалған шолпы мен шашбау тағылып, жүргенде сыңғырлап, қыздың жүріс-тұрысының әдепті, жинақы болуына ықпал еткен.Ата-аналар қыздарының шашын күтіп, тарап, өріп отыруды тәрбиенің бір бөлігі деп білген. 
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
16
наурыз
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
Буллинг – достыққа, сыйластыққа қарсы әрекет. Ол адамға ауыр тиіп, өзіне деген сенімін төмендетеді. Сондықтан әрқайсымыз мұндай жағдайға бейжай қарамауымыз керек.Досболайк қозғалысы – мейірімділік пен қолдауға негізделген орта қалыптастыруды мақсат етеді. Біз бір-бірімізге қамқор болып, ешкімді ренжітпей, керісінше қолдау білдіру арқылы ғана шынайы достықты орната аламыз. "ДосболLIKE" бағдарламасы негізінде сынып сағаттары өтті.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
13
наурыз
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі) – қазақ халқының ежелгі дәстүрі, қыстан аман-есен шығып, көктеммен қауышуды білдіреді. "№112ЖББМ" ұжымы Көрісу мерекесімен құттықтады. Жылы жүздесу, ақжарма тілектер мен көтеріңкі көңіл- күй бәрі бүгінгі кездесудің сәнін келтірді.