Жетісу ауданы №112ЖББМ «Мемлекеттік тіл- менің тілім» аптаның әр жұма күніне іс-шара жоспары бойынша Бақытқызы Айгерім 8-сынып оқушылары арасында «Soz - zerde» интелектуалдық сайыс ұйымдастырды.
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының Қазақстан Республикасының 1997 жылгы 1 шілдедегі «Тіл туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Жетісу ауданы №112ЖББМ «Мемлекеттік тіл- менің тілім» аптаның әр жұма күніне іс-шара жоспары бойынша Бақытқызы Айгерім 8-сынып оқушылары арасында «Soz - zerde» интелектуалдық сайыс ұйымдастырды.

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметін ұйымдастыру бойынша Жетісу ауданы №112 ЖББМ «Жасөспірімді қалай түсініп, қабылдауға болады?» атты ата-аналармен трениг сабақтары ұйымдастырды. Сабақтың мақсаты: ата-аналарға эмпатияны дамытуға, жасөспірімдермен өзара түсіністік пен тиімді қарым-қатынас орнатуға көмектесу.
Міндеттері: Ата-аналарды жасөспірім балалардың даму және мінез-құлық ерекшеліктерімен таныстыру.Ата-аналарды жасөспірімнің мінез-құлқының уәждері мен себептерін түсінуге және онымен сенімді қарым-қатынас орнатуға ынталандыру. Жасөспіріммен эмпатия, өзара түсіністік қарым-қатынасын орнату және позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту.