№112 жалпы білім беретін мектеп бойынша тәрбие бұзақылық, өзі-өзіне қол жұмсау, нашақорлық, құмар ойындарға тәуелділік, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы.
1.Құқық бұзушулықтың алдын алу бойынша балалармен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу басты міндет, камелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсаттында Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектепте Жетісу ауданы кәмелетке толмағандардың ішкі істер жөніндегі полиция бөлімінің бастығы Алмас Сағындықұлы, мектеп диреторы Д.К.Юлдашевамен ата-аналар жиналысы өтті. Кеңес барысында ата-аналарға түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылатындығын айтты.
2.Мектеп жарғысы, оқушылардың мінез-құлық ережелері, жасалған теріс қылықтар үшін жауапкершілік тақырыптарында әңгімелер өткізілді. Қолайсыз отбасыларды, олардың бос уақытын бақылау үнемі жүзеге асырылады. ОДН инспекторлары Ж. Б. Анабиевамен, А. А.Бережкомен, директордың тәрбие ісі- жөніндегі орынбасарлары Игісін Ж.С., Полатова У.Н., мектептің әлеуметтік педагогы Р. К. Шуинбаевамен бірлесіп жоспарлы тәрбие жұмысы жүргізілуде.
3.№112Жалпы білім беретін мектеп инспекторы Сағатбекова Әсем Елубаевна мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Игісін Ж.С.,Полатова У. Н. 7-11сыныптар арасында «Балалық шақ – зорлық, зомбылықсыз» атты әңгіме -сұхбат жүргізді.Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
4.Құзіретті органдармен бірлесіп кәмелетке толмағандардың қауіпсіз жүріп-тұруына сәйкестігі тұрғысынан мектебіміздің аумақтарына түгендеу және егжей-тегжейлі талдау жұмыстары жүргізілді.
5.№112жалпы білім беретін мектепте 9,10-сынып оқушыларымен "Кибербуллинг, буллингке жол жоқ" тақырбында әңгіме сұхбат өткізілді.Мақсаты «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту;Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
6.112жалпы білім беретін мектепте Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу-қоғамдағы қылмыстың алдын алудың маңызды шарттарының бірі. Осыған байланысты мектепте "Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу"тақырыбы бойынша Жетісу ауданы кәмелетке толмағандардың ішкі істер жөніндегі полиция бөлімінің бастығы Алмас Сағындықұлымен ата-аналар жиналысы өтті. Кеңес барысында ата-аналарға түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді.Жиналыста қаралған мәселелер:1) Қауіпсіз ережелері;2)Жол қауіпсіздігі;3) Өрт қауіпсіздігі;4)Балалар бойына жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыздар; балалармен жеке әңгіме жүргізіңіздер; маңызды ережелерді түсіндіріңіздер; оларды ұстану өмірлерін сақтауы мүмкін; баланың бос уақыты мәселесін шешіңіз.Есте сақтаңыз!Қараңғы түскен уақыт пен түнде балалар мен жасөспірімдерге үлкендерсіз көшеде жүруге заңды түрде тыйым салынады




