16
мамыр
2024
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 79 жылдығына орай
Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 79 жылдығына орай №112 жалпы білім беретін мектепте Ұлы отан соғысы кезіндегі тылда қызмет еткен тыл ардагерлерімен «Біз жеңістің мұрагеріміз» атты кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлы Отан соғысында Отанын жанқиярлықпен қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсету, есімдерін ел есінде сақтау, майдан даласында елі үшін қаза болған әр солдаттың ерлігіне бас ию; жастардың, ішкі істер органдары қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің бойына отансүйгіштік құндылықтарды және Қазақстан халқының батырлық тарихына құрметпен қарау, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, өз әскери борыштарын үлгілі атқаруға ықпал ету.