30
сәуір
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
Алматы қаласы Білім басқармасы және Алматы қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен өткен Жас жол қозғалысы инспекторлары жасақтарының аудандық слетында №112 жалпы білім беретін мектеп оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1-орынды иеленді!
Бұл жетістік — оқушыларымыздың жол қозғалысы ережелерін жетік меңгеріп, жауапкершілік пен ұйымшылдық таныта білгенінің айқын дәлелі.
Жас инспекторларымыз тек білімдерімен ғана емес, сахна мәдениетімен, шапшаңдығымен және бірлік рухымен ерекшеленді. Нәтижесінде, олар қалалық байқауға жолдама алып отыр!
Алда — жауапты кезең. Қалалық слетте де өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, мектебіміздің намысын абыроймен қорғайды деп сенеміз!
Оқушыларымызға сәттілік тілейміз! Жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!