Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
19
наурыз
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
17 наурыз - Шаңырақ күні Бұл күні “№112ЖББМ» отбасы құндылықтарын дәріптеп, мектеп ұстаздары ұлттық киімдерін киіп, оқушыларға бауырсақ таратты. Ұйымдастырушылар: Игісін Ж.С. Полатова У.Н., Альчимбаева Г.Б.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
18
наурыз
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
Адам баласы бір-біріне мейірім мен қамқорлық танытқанда, қоғамда жылулық пен сенім артады. Кішкентай ғана көмек – біреуге айтылған жылы сөз, қолдау көрсету немесе көмекке мұқтаж жанға жәрдем беру – үлкен өзгеріске себеп болуы мүмкін осы мақсатта мектебіміздің 9 “В” сынып оқушылары мен сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен өткізілген “Жақсылық жасауды үйренемін” атты челленджін жасады.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
17
наурыз
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
№112 ЖББМ” КММ Қазақтың ұлттық дәстүрінде бұрым өру – қыз баланың сұлулығы мен тәрбиесінің белгісі.Ертеде қазақ қыздары ұзын шашын қос бұрым немесе көп бұрым етіп өріп жүрген. Ұзын, қалың бұрым қыздың көркі саналған. Шаштың ұшына күмістен жасалған шолпы мен шашбау тағылып, жүргенде сыңғырлап, қыздың жүріс-тұрысының әдепті, жинақы болуына ықпал еткен.Ата-аналар қыздарының шашын күтіп, тарап, өріп отыруды тәрбиенің бір бөлігі деп білген. 
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
16
наурыз
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
Буллинг – достыққа, сыйластыққа қарсы әрекет. Ол адамға ауыр тиіп, өзіне деген сенімін төмендетеді. Сондықтан әрқайсымыз мұндай жағдайға бейжай қарамауымыз керек.Досболайк қозғалысы – мейірімділік пен қолдауға негізделген орта қалыптастыруды мақсат етеді. Біз бір-бірімізге қамқор болып, ешкімді ренжітпей, керісінше қолдау білдіру арқылы ғана шынайы достықты орната аламыз. "ДосболLIKE" бағдарламасы негізінде сынып сағаттары өтті.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
13
наурыз
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі) – қазақ халқының ежелгі дәстүрі, қыстан аман-есен шығып, көктеммен қауышуды білдіреді. "№112ЖББМ" ұжымы Көрісу мерекесімен құттықтады. Жылы жүздесу, ақжарма тілектер мен көтеріңкі көңіл- күй бәрі бүгінгі кездесудің сәнін келтірді.
Қауіпсіздік сабағы
12
наурыз
2026
Қауіпсіздік сабағы
Алматы қаласы Жетісу ауданы төтенше жағдайлар басқармасы Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» ұранымен Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 ЖББМ оқушылары арасында «Өрт сөндіру бөлімі – өрт сөндірушілер базасы» атты ең үздік макет байқауы өткізілді.
Қауіпсіздік сабағы
11
наурыз
2026
Қауіпсіздік сабағы
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай Төтенше жағдайдың алдын алу  мақсатында «№112 жалпы білім беретін мектептің»  2-7 сынып оқушылары арасында «Азаматтық қорғаныс мамандығы — өрт сөндіруші және құтқарушы» атты сурет байқауы өткізілді.
Қауіпсіздік сабағы
05
наурыз
2026
Қауіпсіздік сабағы
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай Алматы қаласы  Жетісу ауданы «№112ЖББМ» Азаматтық қорғаудың негізгі қағидалары мен алдын алу шараларын  түсіндіру бойынша сынып сағаттары өткізілді.
Қауіпсіздік сабағы
04
наурыз
2026
Қауіпсіздік сабағы
«№112жалпы білім беретін мектепте» «Көмек» жобасы аясында оқушыларға өзара қолдау көрсету, қиын жағдайға тап болған жандарға жанашырлық таныту, немқұрайдылыққа жол бермеу және әлеуметтік жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Жоба мақсаты түсіндіріліп, өмірлік жағдаяттар арқылы талдау жұмыстары жүргізілді.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
03
наурыз
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
«Алғыс – ізгі ниет» тақырыбында рухани-адамгершілік бағыттағы тәрбие жұмыстары жүргізілді. Оқушылар алғыс айтудың мәні мен маңызы, мейірімділік, сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрлері туралы ой бөлісті. Жылы сөздің адам өміріндегі орны, ризашылық білдіру мәдениеті және ізгі қарым-қатынас қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.