1-Октябрь қарттар күніне орай қашықтықтан өткізілген қарттар айлығының қорытындысы » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Білім басқармасы города Алматы
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Общеобразовательная школа №112»
Білім басқармасы города Алматы
Приемная
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
eOtinish.kz
Нашар для
слабовидящих
» » 1-Октябрь қарттар күніне орай қашықтықтан өткізілген қарттар айлығының қорытындысы
27
Қазан
2020

1-Октябрь қарттар күніне орай қашықтықтан өткізілген қарттар айлығының қорытындысы

Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасы  негізінде, « Nur Otan»  партиясы Жетісу аудандық филиалының «Ардагерлерді  ардақтайық»  проект аясында,  №112 мектептің тәрбие жоспарына сәйкес Қазан айында өткізілген Қарттар айлығының қорытындысы.   Айлықтың жоспарына сәйкес мектебіміздің ұстаздары, мектеп аумағында тұратын ардагерлерді құттықтап, азық-түлік себетін таратты. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аяМамыртын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қариялардың жылына бір рет келетін 1 - Қазан Қарттар күніне орай,  оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және ата-әжесін мақтан тұтуға, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында Сымбат Ерболкызы 4 «А» кезекші сынып оқушыларымен сынып сағатын өткізді

    Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектеп «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария»   1 Октябрь - қарттар күніне арналған құттықтау тілектерін ұсынамыз. Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.


Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.   Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасы  негізінде, « Nur Otan»  партиясы Жетісу аудандық филиалының «Ардагерлерді   ардақтайық»  проект аясында  №112 жалпы білім беретін мектептің 7«Б»сынып оқушылары қарттар күніне орай видео үндеулерін жолдады. 


Қарттар күніне орай 6 Қазан күні 1-10сыныптар арасында  «Қарттарым – асыл қазынам» атты қашықтықтан  сынып сағаты ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен,әже өнегесімен,аталар ақылымен беріліп,өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасы  негізінде, « Nur Otan»  партиясы Жетісу аудандық филиалының «Ардагерлерді  ардақтайық»  проект аясында «Мен атаммен әжемнің жалғасымын» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.     Мақсаты:Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру,үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Қарты бар үй-қазыналы үй. Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасы негізінде, №112 жалпы білім беретін мектептің тәрбие жоспарына сәйкес Қазан айында Қарттар айлығы өтіп жатыр. Айлықтың жоспарына сәйкес мектеп оқушылары өз ата-әжелерін мерекемен құттықтап, бейнеролик дайындады. 2«Б»,«В»,«Г» сыныбының бейнеролигі. Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын Халықаралық қарттар күні аталып өтуде. Қазақстандық әрбір жаңа ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірибесі мен қадір қасиеттерін үлгі тұтады.


         Ученики 8 «В» класса КГУ #112  Жетысуского района  каждый год чтят и не забывают людей старшего поколения. На этот раз они вместе с   кл.рук. посетили Берник Любовь Валентиновну и поздравили с днём пожилых людей, поделились веселыми впечатлениями. 

Пусть каждый будет одарен вниманием и пониманием родных, заботой и душевностью. Долгих лет жизни, здоровья и мира в душе. За свою жизнь они сделали так много, что заслуживают уважения, достатка и благополучия.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: