Қарттар күніне орай №112 ЖББМ өткізілген іс- шаралар » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қарттар күніне орай №112 ЖББМ өткізілген іс- шаралар
27
қазан
2020

Қарттар күніне орай №112 ЖББМ өткізілген іс- шаралар

Байтақ еліміздің  асыл қазынасы, байлығының бір ол осы  абзал жандар.Кез келген шаңырақта отбасының берекесімен бейбітшілігін сақтап келе жатқан, өскелең ұрпаққа өз ақылдарын айтып  отыратын ардагер бар.1 қазан күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты бүгінгі мерекелік жиында 1-4 сынып оқушылары өлең   жолдарымен ата, әже  туралы өлеңдерін  тарту  етті.

Қарт дегеніміз - ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең. Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз «Қарттары бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керекті. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата- бабадан келе жатқан салтымыз. Ақсақалдарымыздың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері, тәлім-тағлымдары ұрпақ үшін орны бөлек. Қай заманда болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ерекше болған, олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесінен  үлгі аламыз.   Жетісу аудандық Білім бөлімінің, №112 ЖББ мектептің тәрбие жоспары   бойынша  №112 ЖББ мектепте ауданымыздық қарияларына «Сыйласаң сый көресің» атты тақырыпта  концерттік бағдарлама өткізілді. Өткізілген іс-шараға Жетісу аудандық   қарттар ұйымының еңбек ардагері В.Н. Вечкуткина бастап келген қарт әжелеріміз келді.

Қарттар күніне орай 5- сынып  оқушылары  «Қарты бардың - қазынасы  бар», деген тақырыпта  дөңгелек үстел  ұйымдастырды.   Оқушылар  ардагерлерге  арнап өздері шығарған өлең  шумақтары оқып, ойларында жүрген сұрақтарына  жауап алды.Мақсаты: Бала  тәрбиесіндегі  маңызды саланың бірі-оларды  сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендермен қарт  адамдарды  құрметтеуге   тәрбиелеу. 

Еліміздің  өркендеп дамуына  үлес   қосқан ардагерлерге еңбек  және тыл еңбеккерлеріне   құрмет  көрсетіп   мектебіміздің   Жас Ұлан  мүшелері қарт әжелеріміздің  аталарымыздың   үйлеріне  барып   құттықтап   қайтты.

Қарттар күніне орай мектебіміздің оқушылары  өз  қолдарымен жасалған ашық  қаттарын   сыйлады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: