№112 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің 10күндік декадасының өткізілген іс-шаралар қорытындысы. » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №112 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің 10күндік декадасының өткізілген іс-шаралар қорытындысы.
27
қазан
2020

№112 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің 10күндік декадасының өткізілген іс-шаралар қорытындысы.

2020 жылдың 22.09.-02.10 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі өткізілді. 15 қыркүйек күні онкүндігінің  ашылуы мен жоспары таныстырылды. Барлық сыныптарға онкүндікке байланысты газет, буклет шығару тапсырылды. Бірлестіктегі барлық пән мұғалімдері қашықтықтан ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.

      Онкүндік тақырыбы:  «Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте!»

Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектеп Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес,22 қыркүйек-Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері күніне  арналып өткізілетін іс-шаралардың мектепшілік жоспары жасалып бекітілді.Жоспарға сәйкес   9«А»-сынып оқушыларының тіл мерекесіне арналған  өлең шумақтарын ұсынамыз.Тіл қандай ұлтта, елде  болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл әрбір елдің жаны. Қазақстан Республикасының Конституциясы республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл- халықтың сан ғасырлық тарихы. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ана тілін қорғау дегеніміз- өз ана тілінде таза сөйлеу.

Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімділік деңгейлерін байқау, саралау; оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу; қазақ тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында 9 "В" сыныбында сыныптан тыс " Тіл жүйрікте- кім жүйрік?" атты   сайыс  өткізілді.



Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран етум мақсатында №112 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушыларымен Абдразакова Д.Д. «Алып Ер Тұңға» жыры тақырыбында қашықтықтан онлайн сабағын өткізді.

Сабақтың тақырыбы: «Абай мұрасы – ұлтымыздың рухани мұрасы» дөңгелек үстел қашықтықтан өткізілді.

Сабақтың мақсаты:  Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу. 10 «А» сыныбымен  онлайн қашықтықтан кездесуге шақырылды.  Сабағымыздың қонағы: Бақытқожа Баязитов, ҚазҰУ–дың оқытушысы, Абай Құнанбаевтың 35 томдығын құрастырушылардың бірі, жас ғалым. Пән мұғалімі: Түсен Сандуғаш Октябрьқызы


Тіл апталығының қарсаңындаАлматы қаласы  Жетісу аудан №112 жалпы білім беретін мектепте 10-сынып оқушылары арасында «Абай мұрасы ұлтымыздың  рухани байлығы» тақырыбында онлайн- дөңгелек  үстел өтті Іс-шарамыздың қонағы ҚазҰУ-нің оқытушысы, Абай Құнанбаевтың 35томдығын құрастырушылардың бірі – Бақытқожа Баязитов қатысты. Аталған іс- шара  қаламыздың «Алматы ақшамы» атты газетіне жарияланды.


Тіл қандай да болмаса ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы. Сондықтан тілден тілдің кемдігі жоқ» деген ізгілікті принциптің қазіргі таңда қолданылуының ерекше мәні бар. Өз халқының қадір - қасиетін ұға білген жан ана тілін аяқ асты етпейді, өзге тілді де өзекке теппейді.

2-сыныптар арасында қазақ тілі пәні мұғалімі Полатова  Урхия Нуралиевна «Жұлдызды сәт» атты ойын сабағын ұйымдастырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: