№112жалпы білім беретін мектептің 18.01-23.01 аралығындағы өткізілген іс-шаралардың есебі » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №112жалпы білім беретін мектептің 18.01-23.01 аралығындағы өткізілген іс-шаралардың есебі
16
ақпан
2021

№112жалпы білім беретін мектептің 18.01-23.01 аралығындағы өткізілген іс-шаралардың есебі

Алматы қаласы  Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектептің  жұмыс жоспарына сәйкес 9-сынып оқушылары және ата-аналарының қатысуымен балаларға қатысты зорлық-зомбылы мәселесінің алдын-алу, мақсатында «Қылмыс неден басталады?» атты онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата - анамен мен оқушылар арасында өтілген  дөңгелек үстел.

Алматы қаласы, Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектептің жоспары бойынша " Көшеде жүру тәртібімен қауіпсіздік ережесі" тақырыбында 5-6сыныптар арасында түсіндірме сабақтар өтілді. 

Мақсаты: Балалардың көшеде,жолда жүру қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, тіл байлықтарын дамыту.


Алматы қаласы, Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектептің жоспарына сәйкес  9-10 сыныптар арасында «Қылмыс неден басталады атты» түсіндіру сабақтары жүргізілді. Мақсаты: "Ел ертеңі - бүгіннен басталады"- демекші, жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру, бойларын жаман әрекеттерден аулақ болуға баулу, адамгершілікке, мейірімге тәрбиелеу, сонымен қатар қылмыс неден туындайтындығын түсіндіріп, оның алдын-алу шараларын қарастырып, әрбір қылмыстық әрекетке жауапқа тартылатындығын және қылмыстық жауапкершілік деген ұғымды түсіндіру.


Алматы қаласы, Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектептің жоспарына сәйкес  1-4 сыныптар арасында «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатында, жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды, жол тәртібін  бұзбауды үйрету, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру,көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Алматы қаласы, Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектептің жоспарына сәйкес  "Біз бақытты баламыз" атты сыныпсағаты. Мақсаты:Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға. түсіндіру.Ой-өрістерін, ойлау логикаларын дамыту, сөйлеу тілдерін жаттықтыру. Тәрбиелік мақсаты: Балаларды жақсылыққа, инабаттылыққа ата-анаға. мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты болуға тәрбиелеу.



                                             Мектеп директоры        Юлдашева Д.К.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: