112жалпы білім беретін мектепте Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
#112жалпы білім беретін мектепте Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу-қоғамдағы қылмыстың алдын алудың маңызды шарттарының бірі. Осыған байланысты мектепте "Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу"тақырыбы бойынша Жетісу ауданы кәмелетке толмағандардың ішкі істер жөніндегі полиция бөлімінің бастығы Алмас Сағындықұлымен ата-аналар жиналысы өтті. Кеңес барысында ата-аналарға түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді.Жиналыста қаралған мәселелер:
1) Қауіпсіз ережелері;
2)Жол қауіпсіздігі;
3) Өрт қауіпсіздігі;
4)Балалар бойына жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыздар; балалармен жеке әңгіме жүргізіңіздер; маңызды ережелерді түсіндіріңіздер; оларды ұстану өмірлерін сақтауы мүмкін; баланың бос уақыты мәселесін шешіңіз.
Есте сақтаңыз!
Қараңғы түскен уақыт пен түнде балалар мен жасөспірімдерге үлкендерсіз көшеде жүруге заңды түрде тыйым салынады.