"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
қазан
2020

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз"

Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектепте «1 Қыркүйек – Білім күні»  Алиева Гулзира Мұратбайқызы 5 «А» сыныпыбында "Біз  сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз"  атты қашықтықтан тәрбие сағатын ұйымдастырды. Бұл тақырып арқылы оқушыларға сыбайлас жемқорлық туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, одан сақтану жолдарын, алдына алу мәселелерін қарастыруға мүмкіндік болды. Пайдаланылған материал арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытып, одан әрі өмірде өзіндік орнын білуге, еліміздің патриоты болуға, әрі адал ұрпақ даярлауға тәрбиелеу.

5-7 сыныптарға"Біз  сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қашықтықтан тәрбие сағаты өткізу міндеттелген болатын. Осы тақырып аясында 5-7сынып оқушыларымен бірге өткізілді. Бұл тақырып арқылы оқушыларға сыбайлас жемқорлық туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, одан сақтану жолдарын, алдына алу мәселелерін қарастыруға мүмкіндік болды. Пайдаланылған материал арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытып, одан әрі өмірде өзіндік орнын білуге, еліміздің патриоты болуға, әрі адал ұрпақ даярлауға тәрбиелеу.

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Қазақстан Республикасы мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 100 нақты қадам –Ұлт жоспарының қадамдарын практикалық тұрғыда іске асыру  Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес   №112 жалпы білім беретін мектеп жоспарының 13- қадамының 9- тармағын орындау шеңберінде «Рухани-адамгершілік пен азаматтық –патриоттық тәрбие беру мәтінінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасы аясында тәрбиелік-іс шараларды ұйымдастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып,  осы оқу жылында 20 оқушы мүшелікке қабылданды.

 Мақсаты: оқушыларды рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттық рухта тәрбиелеу, оқушылардың саяси құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез –құлқының, адамгершілік эстетикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.


√112 жалпы білім беретін мектепте «Адал Ұрпақ» еріктілер қатарына онлайн форматта қабылдана отырып:


Қазақстан Республикасының патриоты болуға;


Өз отанымды, тілімді қастерлеуге;


Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;


Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;


Білімге құштар болуға;


Салауатты өмір салтын ұстануға;


Абыройлы, адал, әділетті болуға;

 Өз бойымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстануға және оны өз достарымнан талап етуге, мәңгілік ел идеясын жүзеге асыруға. Отаныма шексіз қызмет  етуге өз үлесімді қосуға  салтанатты түрде ант етемін - дей отырып «Адал ұрпақ» ерікті клуб мүшелері қатарына қабылданды. Іс-шараның мақсаты — жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу. 

7-8 сыныптар арасында онлайн форматта «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты эссе байқауы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: