08
мамыр
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 ЖББМ-де 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Мәңгілік тағзым – өшпес ерлік» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін ұлықтау, жас ұрпаққа тарихи тағылым беру және отансүйгіштік рухты қалыптастыру болды.
Кеш барысында оқушылар патриоттық әндер орындап, Жеңіс туралы өлеңдер оқып, әсерлі сахналық қойылымдар көрсетті. Батырлардың ерлігі мен қайсарлығы кеңінен насихатталып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.