Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Үздік жыл психологі"
20
ақпан
2026
"Үздік жыл психологі"
Алматы қаласы Білім Басқармасының "Психологиялық қолдау орталы" КММ ұйымдастыруымен республикалық "Үздік жыл психологі" байқауының аудандық кезеңінен I дәрежелі дипломмен Пиралиева Марсияна Сериікқызы марапатталды.
«Алматы – таза қала»
19
ақпан
2026
«Алматы – таза қала»
"№112ЖББМ" оқушылары "Қайырымды қақпақтар" пластик қақпақтарды жинау акциясына  белсене қатысуда. Мақсаты-қоршаған ортаны қорғау, қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру.
"КӨМЕК" бағдарламасы
18
ақпан
2026
"КӨМЕК" бағдарламасы
«КӨМЕК»Қиын жағдайда көмек сұрау және өзгеге қолдау көрсету мәдениеті талқыланды. Бір-біріне жанашыр болу – адамгершіліктің белгісі.
Қауіпсіздік сабағы
17
ақпан
2026
Қауіпсіздік сабағы
Қауіпсіздік – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтарының бірі. Ол тек қорғаныс шаралары немесе ережелер жиынтығы емес, адамның өзіне, өзгенің өміріне деген құрметі мен жауапкершілігі. Қауіпсіздік сақталған ортада ғана адам еркін дамып, қоғам бейбіт өмір сүре алады."Жеке қауіпсіздік" бағдарламасы негізінде сынып сағаттары өтті.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
16
ақпан
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
«АДАЛ АЗМАТ»«Жаңашылдық жасампаз ойдан басталады»Оқушылар адалдық, жауапкершілік және жаңашылдықтың маңыздылығы туралы ой бөлісті. Әрбір үлкен жетістік кішкентай, бірақ креативті ойдан басталатынын түсінді.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
13
ақпан
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
КММ №112 жалпы білім беретін мектебінде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы әңгіме айтты. Шара тағылымды әрі әсерлі өтті.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
12
ақпан
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кеш барысында ақиық ақынның жүректен туған жырлары оқылып, сырлы әндері шырқалып, көрермен қауым рухани әсерге бөленді. Ақын поэзиясындағы мұң мен махаббат, сағыныш пен сыршылдық кештің әр сәтінен айқын сезілді. Бұл тағылымды шара Мұқағали мұрасының мәңгілік екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
11
ақпан
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
КММ «112 ЖББМ»оқушылары қазақ поэзиясының мұзбалағы, жүрек жырдың иесі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әсерлі бейнеролик дайындады.Мұқағали жырлары – әр жүрекке жол табатын, сезім мен сырға толы мәңгілік мұра. Ақынның өлеңдері арқылы оқушыларымыз туған жерге деген сүйіспеншілікті, анаға құрметті, өмірге деген махаббатты тағы бір мәрте сезінді.📖 «Поэзия – менімен егіз бе едің?..» деп жырлаған ақынның шығармалары жас ұрпақтың рухани әлемін байытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
10
ақпан
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
Армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж КММ №112 жалпы білім беретін мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға әскери мамандықтың ерекшеліктері, колледжге қабылдау талаптары мен оқу үдерісі туралы жан-жақты ақпарат беріліп, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар ұсынылды.
«Алматы – таза қала»
09
ақпан
2026
«Алматы – таза қала»
Алматы – Қазақстанның ең әсем қалаларының бірі. Бұл қала өзінің көркем табиғатымен, жасыл желегімен және таза ауасымен ерекшеленеді. Қаланың тазалығы – оның мәдениеті мен тұрғындарының жауапкершілігін көрсететін маңызды көрсеткіш.Алматының тазалығы – бірліктің және жауапкершіліктің нәтижесі. Туған қаламызды таза сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы борышымыз.