Құқық бұзушулықтың алдын алу » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ақпан
2024

Құқық бұзушулықтың алдын алу

Құқық бұзушулықтың алдын алу бойынша балалармен  жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу  басты міндет, камелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсаттында  Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектепте «Буллинг және оның алдын-алу» тақырыбында 9-сынып оқушылары арасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Полатова У.Н., мектеп психологы Пералиева М.С., әлеуметтік педагог Шуинбаева Р.К., сынып жетекшісі Алиева Г.А. дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. Дөрекілік, өктемдік танытатын адамдармен өзін қалай ұстау керектігін үйренеді; Біреуді мазақтауға, қорлауға, намысына тиюге жол бермейді. Сынып арасында бір-бірін қолдай білуге, сыйластық танытуға үйренеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: