№112 жалпы білім беретін мектептің «Құқық бұзушылықтың алдын алу» бағыты бойынша атқарылған жұмыстың есебі » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №112 жалпы білім беретін мектептің «Құқық бұзушылықтың алдын алу» бағыты бойынша атқарылған жұмыстың есебі
27
қазан
2020

№112 жалпы білім беретін мектептің «Құқық бұзушылықтың алдын алу» бағыты бойынша атқарылған жұмыстың есебі

Мақсаты:  Кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтардың алдын- алу жұмыстары жүргізу үшін құқықтық негіздерді мектеп жағдайында қалыптастыру.

Міндеті: Кәмелетке толмағандардың заңға мойын ұсынушылық мінез құлқын қалыптастыру, олардың бойында имандылық пен салауатты өмір салтының негіздерін дамыту бағытындағы негізгі шараларды жүзеге асыру. Себепсіз сабақтан қалатын  оқушыларды анықтау, есепке алу тиісті шараларды жүзеге асыру.

           2019-2020 оқу жылына жылдық жоспар жасалынып, құқық бұзушылықтың алдын алу отырысының  кеңесі әр айдың үшінші аптасында отырыс болып отырады. Отырысқа барлық кеңес мүшелері толығымен қатысады.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мына төмендегі жұмыстар жүргізілді.

           Кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтармен, қадағалаусыз, панасыз қалудың алдын алу мақсатында мектеп инспекторымен бірлесе жұмыс жасалды.   «Мектепке жол» тақырыбындағы Республикалық ұйымдастырылған акция бойынша мектепке қарасты аумақта және кейбір оқушылардың үйлеріне сынып жетекшісі, әлуеметтік педогог, тарапынан рейд жұмыстары жүргізілді. Жалпы оқумен қамтамасыз ету шаралары жүргізілді. Мектеп инспекторы Біржанов Азамат Махсутович  әлеуметтік педогог Шуинбаева Римма Каржаубаевна ДТІЖО Игісін Ж.С., Полатова У.Н. мектеп хабырғасындағы   жүріп тұру тіртіптерімен, мектеп  формасы бойынша әңгіме сұхбат жүргізіліп, «Ішімдік қоғам ағзасына түскен індет» тақырыбында слайд шоу және видеороликтер көрсетілді. Сонымен қатар «бар қадіріңді жоғалтатын- алкоголь» атты тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып,  оқушылар өз ойларын ортаға салып бөлісті. ОДН сәтсіз отбасында тіркеуде тұрған оқушылардың үйлеріне сынып жетекшілерімен бірге әлеуметтік педогог, рейд жұмыстары жасалды. Биылғы 2019-2020 оқу жылында   мектепшілік тіркеуде тұрған оқушылар саны- 6 . Ай сайын осы оқушылармен мектепшілік   құқық бұзушылықтың алдын- алу отырысына ата- анасы шақырылып, тиісті шаралар қолданды. 



7,8,9 сыныптар арасында мың жылдық  тарихы бар Алматы күніне орай«Менің Алматым» атты спорттық ойын  волейбол  ұйымдастырылды. Ойын кезінде оқушылар өз шеберлігін танытып 1,2,3 орын   мақтау  қағаздарымен марапатталды.

Жас ұрпақ арасында денсаулықты сақтайтын жауапты мінез- құлықты   қалыптастыру және темекі шегуді   қасақана тоқтату  дағдыларын  қалыптастыру, әртүрлі жас санаттардағы темекінің адам  ағзасына зиянды әсерлі туралы хабардарлығын арттыру, сонымен қатар темекінің адам  денсаулығына әсері  тусінік   қалыптастыру мақсатында  7-9 сыныптар  арасында Қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологы   Тәуекел Ақнұр  Ғанежанқызы дәріс  оқыды.


14.09.2019ж күні Жетісу  ауданы білім бөлімінің тапсырмасына орай 1-9 сынып   оқушыларының ата-аналарына жиналыс өтті. Жиналыста  қаралған мәселелер: мектепшілік бұйрықпен таныстыру,оқушылардан  ата-аналардан ақшалай қаражат жинамау, оқушылар арасындағы   құқық бұзушылықты болдырмау, мектептің ішкі тәртібі, 5-сынып ата-аналарына жаңартылған білім мазмұнын түсіндіру, отбасындағы  тәрбиенің рөлі.


Қазан айында  қиын балалармен жұмыстар жүргізілді. Мұнда оқушылармен  "Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз"   тақырыбында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерімен спорттық сайыс өткіздік. 

Бұқаралық спортты дамыту және оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру  қалыптастыру. «Алматы  спорты» бағдарламасы әр түрлі бағыттағы спорттық  сауықтыру  шаралары   №112 жалпы білім  беретін мектепте 7-8 сыныптар арасында жүзеге асырылды.


2019 жылғы 22сәуірдегі №135 бұйрығы  негізінде №112 жалпы  білім беретін мектепте 5-9сынып   қыздыр арасында «Жолдағы  ұқыпсыздықтың зардабы»  деген тақырыпта ДТІЖО Игісін Ж.С., Полатова У.Н.әлеуметтік педагог Шуинбаева Р.К.мектеп инспекторы Біржанов Азамат Мақсұтович жиналыс өткізді. 
«Біз қауіпсіз  өмірді қалаймыз» деген тақырыпта  №112 Жалпы  білім беретін мектептің инспекторыБіржанов Азамат Мақсұтович дәріс оқыды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: