Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдық мерей тойына байланысты өткізілген іс-шаралар » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдық мерей тойына байланысты өткізілген іс-шаралар
10
желтоқсан
2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдық мерей тойына байланысты өткізілген іс-шаралар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдық мерей тойына   байланысты Алматы қаласы Жетісу ауданының №112 жалпы білім беретін мектептің тәуелсіз елдің ұрпақтары «Менің туым - Менің Отаным» тақырыбында  онлайн видео ролик ұйымдастырдыЖас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата — бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.


№112 ЖББМ КММ тарих мұғалімі Р.Е. Данабекова 10 "Б" сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Ел тарихы - менің мақтанышым" интелектуалдық сұрақ-жауап  сайысын өткізді. Мақсаты: патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан халықтарының тарихи өткені үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру. азаматтық және саяси сезімдерді тәрбиелеу: мемлекеттік рәміздерге, өз халқының тарихи мұрасына деген сүйіспеншілік сезімі. Сайыс 3 кезеңде өтті: 1 кезең. Қазақстанның тарихы мен тәуелсіздігі жөніндегі мәселелер. 20 сұрақтың ішінен оқушылар бәріне жауап берді. 2 кезең. "Сұрақ-аукцион". Бұл кезеңде қатысушылар өз кезегінде Қазақстан тарихы, Мемлекеттік рәміздер, Президент, Қазақстан географиясы және Қазақ әдебиеті бойынша сұрақтар қойылған ұяшықты таңдайды. 3 кезең. "Ерекше есімдер"байқауы. Бұл кезеңде қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, Қазақстанның көрнекті қайраткерлерінің есімдерін атаулары керек.

№112 жалпы білім беретін мектепте   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «Тәуелсіздіктің жетістіктері» атты сынып сағаттары ұйымдастырылды. Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

№112 жалпы білім беретін мектепте  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы,  оқушылар өз ойларын әр түрлі бояулармен  қағаз бетіне түсірді. 

№112 жалпы білім беретін мектепте  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Теңгенің пайда болу тарихы» атты интерактивті дәрістер өткізілді. Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Төл теңгенің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай №112 жалпы білім беретін мектептің 7 - сынып оқушылары  Тәуелсіздік және Елбасының тыныс-тіршілігі  «Табысқа жету жолдары» атты онлайн челенджін  жолдайды. Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылда жеткен жетістіктерін саралау. Осы уақыт аралығында елдіктің еңсесін тіктер қарқынды қадамдары мен дербестігін бекемдей түскен, келешегіне кемел жоспар құрған дербес мемлекет Қазақстанның жетістіктерімен таныстыру.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: