Тіл апталығы » КГУ «Общеобразовательная школа №112» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№112 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)294-17-92
Есепші бөлімі
+7(727)251-65-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қазан
2021

Тіл апталығы


№112 жалпы білім беретін мектепте Тіл апталығының 10 күндігіне арналған іс-шаралар негізінде қазақ Әліпбиінің атасы, қоғам қайраткері, ақын, ұлт жанашыры, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай “Ұлт ұстазы” атты сыныптан тыс жұмыс өтті. Мақсаты: -А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау; -Ұлт ұстазының өлеңдерінің астарына үңіліп, тәрбиелік мәнін түсіндіру. 

112 жалпы білім беретін мектепте Тіл апталығының 10 күндігіне арналған іс-шаралар негізінде қазақ Әліпбиінің атасы, қоғам қайраткері, ақын, ұлт жанашыры, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 5-сынып оқушылары А.Байтұрсынұлының музейіне онлайн саяхат жасады. Музейде: 1-зал: ҚАЙТА ОРАЛУ (Ұлттық рухтың ұлы тіні) 2-зал: ҚАЗАҚ САНАСЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ (Бала Ахметтен дана Ахметке дейін); 3-зал: САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ (Түрме, жер аударылуы) залдарымен танысып, Ұлт ұстазының өмірімен, шығармашылығымен, еңбектерімен және өзі ұстаған заттарымен танысты. Сонымен қатар тарихтан сыр шертер құжаттары мен соңғы суреттерімен танысты. Мақсаты: -А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау; -Ұлт ұстазының өнегелі өмірінен сыр шерту. Дайындаған: Түсен Сандуғаш 


         10 "А" сынып оқушыларының тіл мерекесіне орай " Тілім барда тірімін мен, мәңгімін..." атты ашылу салтанатына өлеңдер оқыды. Мақсаты: оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Ана тілін құрметтеуге, салт-дәстүріміздің жанашыры болуға дәріптеу. " Өрнегін сендей сала алмас"-деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы-әр елдің мақтанышы.Олай болса, өз ана тілімізді құрметтеу - перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық! 


        Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектептің ішкі жоспарына сәйкес, Жетісу ауданы білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес, Тілдер мерекесіне орай "Мен кеме құрастырамын" тақырыбында пән мұғалімі Косымбетова Ж.Е. 2 "Б" сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: қазақ тілінен оқушылардың білім деңгейін кеңейту, саралау; оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу; қазақ тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілеттерін арттыру. 


   Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектептің ішкі жоспарына сәйкес, Заманына "ХХ ғасырдың Гомері " атанған, жыр дүлділі, ғасыр ақыны , Жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай 9"Б" және 9 "В" орыс сыныптары арасында "Көркем сөз шеберлері" атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даулетбаева Айжамал Рысбаевна.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: