«Адал азамат» біртұтас тәрбие
«Балалар жазушыларымен танысу» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларды қазақ және шетел балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерімен таныстыру, олардың шығармаларына деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында оқушылар балалар жазушыларының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алып, олардың танымал туындыларымен танысты.