«Адал азамат» біртұтас тәрбие
Алматы қаласы Жетісу ауданы №112 жалпы білім беретін мектеп ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы, “Алматы – таза қала” жобасы аясында жалпыреспубликалық сенбілікке белсене қатысты. Сенбілік барысында мектеп аумағында көктемгі абаттандыру жұмыстары жүргізілді: ағаштар әктеліп, ағаш түптері қопсытылып, суғарылды, аула аумағы тазартылып, қоқыстар жиналып, айнала ретке келтірілді. Көктемгі аула жұмыстары толық жүргізілді.